16 июня 2020 | 14:00

"Ухандағыдан да қауіпті". Бейжің базарында коронавирус тарап жатыр

© Reuters

Қытай базарында коронавирустың қазіргі түрінен де қауіпті індет тарап жатыр. Бұл жолы вирус Бейжіңдегі "Синьфади" базарында тараған. Бүгінде базар жабылып, аймақта әскери жағдай режимі жарияланған. Tengrinews.kz тілшісі вирусологтар қауіпті деп атаған коронавирус туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай базарында коронавирустың қазіргі түрінен де қауіпті індет тарап жатыр. Бұл жолы вирус Бейжіңдегі "Синьфади" базарында тараған. Бүгінде базар жабылып, аймақта әскери жағдай режимі жарияланған. Tengrinews.kz тілшісі вирусологтар қауіпті деп атаған коронавирус туралы баяндайды.

Қытай базарында тағы да коронавирус тарап жатыр

Реклама
Реклама

11 маусымда Бейжіңде соңғы екі айда алғаш рет COVID-19 жұқтырған 52 жастағы ер адамның қайтыс болғаны анықталды. Ол соңғы кезде астанадан ешқайда шықпаған, алайда "Синьфади" базарына барған.

12 маусымда билік Қытай ет өнімдерін зерттеу орталығында істейтін және Фэнтай ауданында тұратын екі ер адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Оның біреуі соңғы екі аптада Циндао қаласына барған, екіншісі ешқайда шықпаған. Осы екі адамнан коронавирус анықталғаннан кейін билік эпидемиологиялық тексеруді бастап кетті.


"Синьфади" базары. Фото: Shine.cn

Нәтижесінде 13 маусымда Фэнтай ауданында орналасқан "Синьфади" ірі көтерме базары жабылған. Себебі эпидемиологиялық тергеу кезінде арқан балықты тураған тақтайшадан коронавирус анықталған. Базар басшылығы барлық қызметкеріне COVID-19 анықтайтын тестілеу жүргізген. Бұл базарда шамамен 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді екен.

Аймақта әскери жағдай режимі жарияланып, базардың айналасында орналасқан 11 тұрғын үй кешенінде қатаң бақылау қойылған. Ал 14 маусымда қалада 76 499 адамды тексерген, 59 сынама оң нәтиже көрсеткен.


© Reuters 

"Жэньминь жибао" газетінің мәлімдеуінше, "Синьфади" базарындағы вирус Еуропадан әкелінген болуы мүмкін. Бірақ оның қалай тарағаны белгісіз. Теңіз немесе ет өнімдері, базарға келген адамдар арқылы тарау мүмкіндігі тексеріліп жатыр.

"Бейжіңдегі вирус Ухандағыдан қауіптірек"

Ухан университеті медициналық бөлімі вирусология институтының профессоры Ян Чжаньцю "Хуаньцю шибао" газетіне берген сұхбатында Бейжіңдегі базардан табылған коронавирус Ухандағы базардан анықталған аурудан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін екенін айтты.

"Эволюция процесінде вирустың жұғу деңгейі артуы не әлсіреуі мүмкін. Бірақ менің ойымша, "Синьфади" базарында табылған SARS-CoV-2 коронавирусы Ухандағы "Хуанань" базарынан шыққан вирустан әлдеқайда қауіпті", - дейді вирусолог.

Оның айтуынша, Ухандағы эпидемия қыста басталған, ол вирустың тарауына әсер еткен. Ал Бейжіңдегі коронавирус жазда, күн жылы кезде пайда болды. Ал бұл аурудың тарауына бөгет болады екен. Тағы бір айырмашылық - Уханда науқастың көбі теңіз өнімдері базарына бармаса да, вирус жұқтырған. Ал Бейжіңде вирус табылған адамның бәрі "Синьфади" базарымен байланысты.


© Reuters

Вирусологтың сөзінше, Бейжіңдегі жағдай коронавирустың вакцинасын зерттеу және шығару бойынша қиындық тудыруы мүмкін екен.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Ухандағы жағдайдан кейін Қытайдың коронавируспен күресу бойынша тәжірибесі бар. Қазір қорғаныс механизмі қалыптасқан. Сондықтан ел билігі Бейжіңдегі жағдайда жылдам әрекет еткен.

Қытай билігі қалай әрекет етті?

Бейжің билігі Фэнтай ауданындағы "Синьфади" базарында COVID-19 жаппай тарауына байланысты коронавирустың жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

"Синьфади" базарында вирустың жаппай тарауына байланысты Бейжіңде қайтадан эпидемия болу қаупі өте жоғары", - деді Бейжің үкіметі баспасөз қызметінің жетекшісі Сюй Хэцзян.

Ол биліктегілердің сол базарда және базардың маңындағы аумақтарда эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. Сондай-ақ, инфекцияның қайдан тарағаны анықталатыны айтылады.


© Reuters

Кеше Бейжіңде коронавирустың таралуына байланысты жаңа шектеулер енгізілді. Енді тұрғындарға қаладан такси және кез келген көлікпен шығуына тыйым салынды

Қала үкіметі қауіп аймағында тұратын және жұқтырғандармен байланыста болғандарға қатаң бақылау талаптарын жариялады. Эпидемияның әрі қарай таралмауы үшін мұндай тұлғалар Бейжіңнен шықпауы керек. Егер олар бұған дейін шығып қойған болса, бірден билікке хабар беруі қажет.

Сондай-ақ, Бейжіңде қоғамдық көлікте, оның ішінде метрода эпидемиологияға қарсы шараларды орындау керек. Бақылау күшейді. Көлікте адам аз болу керек. Дезинфекция жасалып, жолаушылар маска тағуы керек.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная