10 ноября 2020 | 11:02

"Үш елдің келісімі. Жердің қайтарылуы". Армения мен Әзербайжан қақтығысына нүкте қойылды

© Reuters

Биыл 27 қыркүйекте таңғы уақытта Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленіскен еді. Таулы Қарабақта және жағдай ушықты деген екі елдің бірқатар аймағында соғыс жағдайы енгізілген. 10 қазанда екі ел арасындағы қақтығысқа нүкте қойылған. Алайда артынша Армения да, Әзербайжан да бір-бірін айыптап, оқ жаудыруды жалғастырды. Бүгін екі елдің де билігі халқына үндеу жолдады. 30 жылдан аса уақыт бойы қырғи қабақ болып келе жатқан Армения мен Әзербайжандағы қазіргі жағдай қандай? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 27 қыркүйекте таңғы уақытта Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленіскен еді. Таулы Қарабақта және жағдай ушықты деген екі елдің бірқатар аймағында соғыс жағдайы енгізілген. 10 қазанда екі ел арасындағы қақтығысқа нүкте қойылған. Алайда артынша Армения да, Әзербайжан да бір-бірін айыптап, оқ жаудыруды жалғастырды. Бүгін екі елдің де билігі халқына үндеу жолдады. 30 жылдан аса уақыт бойы қырғи қабақ болып келе жатқан Армения мен Әзербайжандағы қазіргі жағдай қандай? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Әзербайжан ресейлік ұшақты атып түсірді

Реклама
Реклама

Дүйсенбі, 9 қарашада сағат 17.30-да (Мәскеу уақыты бойынша) ресейлік Ми-24 тікұшағы Армениядағы Ерасх елді мекенінің маңында апатқа ұшырады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, апат салдарынан экипаждың екі мүшесі қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алып, эвакуацияланды.

Тікұшақ Армения аумағы бойынша 102-ші Ресей әскери базасының автоколоннасын алып бара жатқан. Зымыран соққысының нәтижесінде тікұшақ басқарудан шығып, таулы аймаққа құлады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Министрлік әзербайжандық әскерилер ресейлік тікұшақты абайсызда атып түсіргенін мәлімдеді. Баку болған оқиғаға байланысты кешірім сұрап, Ресейге өтемақы төлеуге дайын екенін жеткізді.

Армения, Әзербайжан мен Ресей Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтатуға келісті

Бүгін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook желісіндегі парақшасында Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түнде сағат бірде тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын хабарлады. Пашинян ол шешімді әскери жағдайды және әскерилердің мүмкіндігін талдап қабылдаған. Ол мұндай шешімді өзі және халқы үшін ауыр деп атады. 

"Сондай-ақ ол осы жағдайдағы ең жақсы шешім деген сенімге негізделді. Бәрі туралы толығырақ жақын күндері айтып беремін.

Бұл - жеңіс емес, бірақ өздеріңіз жеңілдік деп мойындамағанша жеңіліс те болмайды. Біз ешқашан өзімізді жеңілдік деп мойындамаймыз және бұл жаңа ұлттық бірігу мен өрлеу дәуірінің басталуы болу керек. Біз соңына дейін күрестік және біз жеңеміз. Арцах тұр. Жасасын Армения! Арцах жасасын!" - делінген Пашинянның үндеуінде.

Ал Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Армения соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойып, берілгенін мойындағанын айтты.  

"Мәселенің әскери шешімі бар, бірақ мен мәселені саяси жолмен шешкім келді... Айтқанымдай болды: әскери кезең аяқталды, саяси мәселеге көштік. Біз үшін барынша тиімді құжатқа қол қойдық деуге болады, Пашинян амалсыз қалған соң қол қойды. Шын мәнінде бұл - жеңілісті мойындау, соғыста берілу", - деп келтірді Әлиевтің сөзін РИА Новости.

Баку мен Ереван қарсы болмаса, ресейлік бітімгерлер Таулы Қарабақта бес жылға қалады. Кейін автомат түрде бес жылға ұзартылады. Сондай-ақ тараптар әскери тұтқындар мен қайтыс болғандардың денесін бір-біріне қайтарады. Аймақтағы барлық экономикалық және көлік байланысы тоқтатылады. Баку Таулы Қарабақтағы әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісім тарихи шешім және ұзақ жылдар бойы бейбітшілік орнатуға қол жеткізеді деп есептейді.

Ереванда бүлік шықты

Пашинянның мәлімдемесінен кейін Ереван орталығына мыңдаған адам жиналды. Наразы топ Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар бірінші қабаттағы терезені сындырып, қабырғадағы жазбаларды құлатты, есіктерді сындырды. Үкімет кабинеттеріндегі компьютерлерді, жиһаз бен микрофондарды қиратты. Үкімет алдындағы алаңда атысқа ұқсас дыбыстар естілді.

Митингіге шыққандар арасында жүрген "Гүлденген Армения" оппозияциялық партиясының депутаты Ивета Тоноянның айтуынша, оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен.

Кейін наразы топ парламент ғимаратына кірді. Күзет оларға тосқауыл қоюға тырысқан, алайда олар күзетшілерді итеріп кіріп, мәжіліс залына жетті. Залдағы мінберге адамдар тұрып, Қарабақтағы әскери әрекеттерді жалғастыруды талап етті. 

Наразылық білдірушілер парламент спикері Арарат Мирзоянды соққыға жықты. Олар Мирзоянды көліктен күшпен шығаруға тырысып, реніштерін жеткізді. Әскерилер спикерді қорғауға мәжбүр болды. 

Басында күзетшілер мен наразы топтың арасында төбелес болды, кейін ер адамдар Мирзоянды ұстап, ұрып тастады. Ал Никол Пашинян Ереванда бүлік жасаған барлық азамат жауапқа тартылатынын айтты.

Ресейлік бітімгерлер Қарабаққа кіреді

Ресей президенті Владимир Путин "Россия 24" телеарнасы эфирінде өңірде ресейлік бітімгерлер орналастырылатынын хабарлады.

"Ресейдің бітімгерлік контингенті Таулы Қарабақтағы байланыс желісі мен Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойымен орналасып жатыр", - деді Путин.

Енді үш елдің келісімі бойынша, 20 қарашаға дейін Армения Әзербайжанға "Агдам ауданы мен Армения тарапы Әзербайжан Республикасының Газах ауданында ұстайтын аумақтарды қайтаруға" уәде берді.

15 қарашаға дейін Армения Әзербайжанға Кельбаджар ауданын, ал 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін - Лачин ауданын қайтарады, бұл ретте Таулы Қарабақтың Армениямен байланысын қамтамасыз ететін және Шушу қаласына әсер етпейтін Лачин дәлізін (ені 5 шақырым) өз иелігінде қалдырады. Тараптардың келісімі бойынша таяудағы үш жылда Степанакерт пен Армения арасындағы байланысты қамтамасыз ететін Лачин дәлізі бойынша жаңа қозғалыс маршрутын салу жоспары айқындалады, кейіннен осы маршрутты қорғау үшін ресейлік бітімгерлік контингентін көшіру арқылы жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная