ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 15 сентября 2020 13:15
Бостандыққа шыққан Қуат Хамитов мәлімдеме жасады
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналист Серік Ноянның Instagram-парақшасында спортшының бостандыққа шыққан сәтінің видеосы жарияланды.
"Бәрі дұрыс, ешқандай қысым болған жоқ. Бостандықтамын, мені жіберді. Уайымдап жатқан халыққа айтарым, көп рақмет, бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар", - деді файтер.
Бірақ "Найман" осы оқиға бойынша қылмыс істің біткен-бітпегенін айтқан жоқ.
"Өзімнің босағаным қазір ғана. Шаршап тұрмын. Ол туралы біраз уақыттан кейін сұхбат берермін", - деді Хамитов.
Еске салайық, Қуат Хамитов кеше дезинфекторларды ұрып-соғуға шақырғаны үшін ұсталған болатын. Кейін Ішкі істер министрлігі Хамитовтің жазбасы қылмыс екенін айтқан еді.
Артынша спортшы видеоны әзіл ретінде түсіргенін және ешкімді ренжіткісі келмейтінін мәлімдеген.
Вопрос от автора
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии