13 августа 2021 14:27

"Диванда жату басқаша". Төрт тіл білетін Олимпиада жүлдегері сынағандарға жауап берді

Фото: Olympic.kz

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, каратэші Софья Берульцева қазақстандық спортшыларға сын айтқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Oyan, Qazaqstan! бағдарламасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, каратэші Софья Берульцева қазақстандық спортшыларға сын айтқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Oyan, Qazaqstan! бағдарламасына сілтеме жасап. 

Берульцеваның айтуынша, Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алғанның өзі - үлкен жеңіс. 

"Біз жазылған барлық пікірді оқыдық. Бұрын медаль алып жүрген спортшыларды "жер қылды". Ол да дұрыс емес. Олар медаль алғанда мәртебесін биіктетеді, құттықтайды. Бір рет жеңілгенде, жаман пікір жазылып жатыр. Үйде отырып, диванда жату басқаша. Ол жақтың атмосферасын білмейді. Төрт жылда бір рет болатын Олимпиадаға лицензия алу - биік мәртебе, - дейді Софья.

Реклама
Реклама

Каратэші қазақстандық спортшылар үшін Токио додасы неге сәтсіз болғанын айтты. 

"Жапон елінің ауа райы басқаша, ылғал. Тыныс алу қиын, жаттығу жасау одан да қиын. Елдің атынан шығып жатсаң, сондықтан жауапкершілік, психологиялық фактор бар", - дейді ол. 

Берульцева қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. 

"Елім - Қазақстан, сондықтан қазақ тілін білмеуім ұят шығар. Қазақ тілін екі жасымнан үйрендім. Ал халықаралық жарыстарға қатысқан соң ағылшын тілі де керек. Кейін 10-сыныпта досым үйірмеге барайық деген соң, бірге түрік тілін оқыдым", - дейді спортшы. 

Енді Софья Берульцева әлем чемпионаты, Азия чемпионаты, Азия ойындарында бақ сынамақ. Каратэ 2024 жылғы Париж Олимпиадасына енгізілсе, оған да дайындалмақ.

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз арасында өткен. Қазақстан қоржынына 8 қола медаль түскен болатын. Ұлттық құрама алғаш рет Олимпиадада алтын жүлде еншілей алмай, медальдар есебінде 83-орынға тұрақтаған болатын. 

Олимпиада жүлдегерлеріне сыйланған көліктер қанша тұрады?

Пәтер кілті, 125 мың доллар. Олимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйақы берілді?

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram