Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 августа 2021 15:16

Олимпиада жүлдегерлеріне сыйланған көліктер қанша тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасына бітіп, спортшылар елге оралды. Елге медальмен қайтқан спортшыларға түрлі сый-сыяпат жасалып жатыр. Кейбіріне кәсіпкерлер, федерациялар автокөлік табыстады. Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада жүлдегерлеріне қандай және қандай бағаға көліктер сыйға тартылғанын баяндайды.


Токио Олимпиадасына бітіп, спортшылар елге оралды. Елге медальмен қайтқан спортшыларға түрлі сый-сыяпат жасалып жатыр. Кейбіріне кәсіпкерлер, федерациялар автокөлік табыстады. Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада жүлдегерлеріне қандай және қандай бағаға көліктер сыйға тартылғанын баяндайды.

Елдос Сметов

Қазақстан биылғы Олимпиадада сегіз медаль иеленген. Оның алғашқысын дзюдошы Елдос Сметов әкелген болатын. Жарыс жолына ерте шыққан ол елге де ерте қайтты. Әуежайда Сметовті қазақстандықтар қошеметпен қарсы алды.

Шашу шашып күтіп алған жанкүйерлер Елдосқа арналған түрлі плакат алып шыққан. Сонымен қатар, әуежайда Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілті табысталды. Бұл - Mercedes-Benz W213 рестайлингі

Mercedes-Benz W213 - Е класының бесінші буынындағы көлігі. 2016 жылдан бері шығады. 2020 жылы оның рестайлингі шыққан, Сметовке осы үлгісі сыйға берілді. Қазақстанда мұндай Е класындағы көліктер 19 миллион теңгеден басталады. 

Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон

Ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға да автокөліктер табысталады. Оны Қазақстан ауыр атлетика федерациясы бермек.

Федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында спортшыларға көлік кілтін табыс ететіні хабарланды.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, зілтеміршілерге Toyota Camry көлігі сыйға беріледі. Бірақ оның нақты қай буыны екені айтылмады. 

Қазіргі уақытта Toyota Camry 70 және 75 жиі сатылып жатыр. Toyota Camry 70 көлігі 9 640 000 теңгеден басталады, ол жинағы мен сипаттамасына қарай қымбаттай береді. Ал Toyota Camry 75 бағасы 11 790 000 теңгеден басталады.  

Нұрислам Санаев

Еркін күрестен Қазақстан қоржынына жалғыз медальді салған Нұрислам Санаевқа да көлік табысталды. Оған Алматы әуежайында BMW 3 Series көлігінің кілті берілді. 


Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek 

BMW 3 Series буыны 2011 жылдан бері шығады. Жеті базалық жинағы бар. Санаевқа танымал серияның 320i жинағы берілген. 

Қазақстанда BMW 320i седаны 16 222 500 теңге тұрады. 

Сәкен Бибосынов

Токиодан қола жүлдемен ораллған боксшы Сәкен Бибосыновты түркістандықтар Олимпиада чемпионы секілді күтіп алды. Әуежайға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барған.  

"Сәкеннің қола медалі - кездесудегі тартыс және Түркістан облысы тарихындағы алғашқы Олимпиада жүлдесі. Біз үшін ол алтын медальмен тең, себебі ол өзін жігерлі боксшы екенін көрсетті", - деді Шөкеев.

Ал облыстың кәсіпкерлер тобы Бибосыновқа Toyota Camry 75 көлігін мінгізді. Бұл көліктің бағасы Қазақстанда 11 790 000 теңгеден басталады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Әлішер Ерғали

Балуан Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілген. Бірақ сарапшылар оның жеңісі "ұрланды" деп баға берді. Нәтижесінде кездесудің төрешісі жарыстан шеттетілген болатын. 

Сондықтан Әлішер Ерғалиге "біз үшін жеңілген жоқсың" деген әкесі ағайындарының атынан көлік сыйлады. Желіде тараған видеода тарту етілген темір тұлпар Infiniti QX80 көлігіне ұқсайды. Қазақстанда бұл көлік 34 990 000 теңгеден бастап сатылады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Wrestling_team.kz 🇰🇿 (@wrestling_team.kazakhstan)

Дархан Асәділов пен Софья Берульцева

Биылғы Олимпиадада алғаш рет өткен каратэ жарысында елімізге екі медаль түскен. Дархан Асәділов пен Софья Берульцева қола медаль иеленген болатын. Шымкентте оларды да көлік күтіп тұрды. 

Софья Берульцеваға Toyota RAV4 көлігі табысталды. Қазақстанда бұл көліктің бағасы 13 830 000 теңгеден басталады. 

Ал Дархан Асәділов Toyota Camry көлігін сыйға алды. Бұл көліктің бағасы 11 790 000 теңгеден басталатынын айтқан болатынбыз. 

Шымкент әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл көліктерді спортшыларға демеушілер сыйлаған. 

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз арасында өткен. Қазақстан қоржынына 8 қола медаль түскен болатын. Ұлттық құрама алғаш рет Олимпиадада алтын жүлде еншілей алмай, медальдар есебінде 83-орынға тұрақтаған болатын. 

Өзбекстанда Олимпиада жеңімпаздарына қандай көлік беріледі?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети