ПОДЕЛИТЬСЯ
09 октября 2021 | 12:19
"Құр намыспен Бразилияны жеңе алмайсың" - комментатор Ермұхамед Мәулен
Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Bizben Podcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Bizben Podcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол қазақ футболындағы қазақ тілінің орны, Қазақстан құрамасының кейінгі матчтердегі нәтижелі ойыны, спорт журналистикасындағы мәселелер туралы айтты.
Оның пікірінше, қазір футболдан Қазақстан құрамасының футболшыларында жеңіске деген сенім пайда болған.
"Құр намыспен футболдан Бразилияны жеңе алмаймыз. "Қазір ұтамыз, несі бар, Роналдиньо мен Роналдо біз сияқты адам ғой" деу қателік. Өйткені ол сен сияқты адам емес. Ол - Месси, ол - Криштиану Роналду, олармен қалай тайталасасың? Олардың дайындық шеберлігі кішкентай кезінен мықты болған. Олар бүкіл ғұмырын керемет академияларда өткізген, тамаша бапкерлердің ақыл-тәлімін алған. Біздің қазақ даласында ондай болды ма, болған жоқ. Енді-енді салынып келе жатыр
Бұрын біздің командалар екі гол жібергеннен кейін, жайлап солай жалғастыра беретін. 4:0, 5:0. Матч бітті, рақмет дейтін. Қазір ондай жоқ, футболшылар еурокубокты көрді, Еуропа футболы қатты алыстап кеткен жоқ. Англиямен, Италиямен тайталасу қиын. Бірақ Босния, Финляндия сияқты командалармен терезесі тең ойнауға шамамыз жететініне көзіміз жетті", - деді Ермұхамед Мәулен.
Еске салайық, бұған дейін Bizben Podcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек пен файтер Арман Әшімов болған еді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также