Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 сентября 2021 17:47

10 жыл зынданда отырды деп ойлайды - Жұлдыз Абдукаримова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова Bizben Podcast жобасының қонағы болды. Актриса жүргізушілермен жұлдыздардың курс өткізуі, отбасыдағы қарым-қатынас туралы сөйлесті, сонымен қатар, халық алдына шықпаған 10 жылда немен айналысқанын айтып берді.


Тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова Bizben Podcast жобасының қонағы болды. Актриса жүргізушілермен жұлдыздардың курс өткізуі, отбасыдағы қарым-қатынас туралы сөйлесті, сонымен қатар, халық алдына шықпаған 10 жылда немен айналысқанын айтып берді.

"Өнерде жүрген жандар, көптеген әнші өз марафонын, курстарын өткізіп жүр. Марафон, курс тақырыбына келер болсақ, оны өз ісінің маманы жүргізсе екен деймін. Психологияға қатысты марафондар болса, оны кәсіпқой деңгейдегі психолог жүргізгенін қалаймын. Егер марафон денсаулыққа, спортқа, фитнеске қатысты болып жатса, міндетті түрде спортпен шұғылданатын, фитнестен хабары бар маман жүргізсе, оны қолдаймын. Ондай курстарға өзім де қатысамын", - деді ол. 

Сонымен қатар, Жұлдыз Абдукаримова баламен сөйлесу мәселесіне де тоқталды. 

"Балаңмен сол баланың тілімен сөйлесу керек. Бізде қалай? Үлкендер баламен үлкендерше сөйлеседі. Баланың деңгейінде сөйлесу керек. Бала сол кезде ғана сенің сөзіңді қабылдай алады", - деді актриса. 

Сондай-ақ, ол әнші Қайрат Нұртастың жары болғаннан кейін неге 10 жыл бойы халық алдына шықпағанын айтты. 

"Жұрт "10 жыл азап көрді, қиыншылық көрді, зынданда отырды" деп ойлайды. Жоқ, мен отбасылық бақыттың ішінде болдым. Балаларымды қорғап отырдым деп ойлаймын. Балаларымды ерте шығарып қойсам, көз тие ме, сөз тие ме - кім біледі? Ішімде "Мен бәрібір шығамын, түбі мамандығым бойынша жұмыс істеймін, алдымен балаларымды өсіріп алайын" деген ой болды. Балаларым аяқтанып кетсе, әрі қарай балабақшаға, мектепке барады. 10 жылда қиындықпен қатар қуаныш та болды, ол кезді қазір күліп еске аламын. Мен одан өттім, одан жаман болған жоқпын, керісінше, пістім", - деді Жұлдыз Абдукаримова. 

Еске салайық, бұған дейін Bizben Podcast жобасының қонағы фактчекер-журналист Думан Смақов болған еді. Ол жоба жүргізушілерімен фейк және жалған ақпараттар туралы әңгімелесті, сонымен қатар, ауруханаға дер кезінде барудың маңызы туралы сөз еткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети