09 июня 2019 | 12:31

"Енді нағыз боксшымен жұдырықтас" - Бокс әлемі GGG жеңісі жайлы не деп жатыр

Геннадий Головкин жекпе-жектен кейін © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді. Бұл Головкиннің былтырғы жеңілісінен кейінгі рингке оралуы. Жекпе-жектен кейін бокс әлеміндегі сарапшылар мен бапкерлер кездесу жайлы өз пікірлерін айтты. Тengrinews.kz кездесуге қатысты пікірлерді топтастырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Геннадий Головкин Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді. Бұл Головкиннің былтырғы жеңілісінен кейінгі рингке оралуы. Жекпе-жектен кейін бокс әлеміндегі сарапшылар мен бапкерлер кездесу жайлы өз пікірлерін айтты. Тengrinews.kz кездесуге қатысты пікірлерді топтастырды.

Головкиннің жаңа бапкері

Реклама
Реклама

Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкс қазақстандық боксшының жекпе-жектің басында өз қарқынына ене алмағанына алаңдағанын айтты.

"Бұдан да көп нәрсе күткенмін. Қарқын мен жылдамдықты көбейту керек. Головкин өз қарқынын екінші раундтың аяғында тапты. Егер сен өз қарқыныңды таба алмасам, оны қарсылас істейді. Маған Головкиннің соққыларын Роллстың "ұстап" отырғаны ұнамады. Головкин өз қарқынына енген соң, өз соққыларын жасай бастады. Нокаутқа "бес", жалпы жекпе-жекке "төрт" деген баға беремін", - деді ол.

Стив Роллстың промоутері

Ал Стив Роллстың промоутері Лу ДиБелла өзінің боксшысын да, Головкинді де мақтады.

"GGG-ге құрмет білдіремін, ол нағыз GGG бола алады. Бұл біз ойлағандай жекпе-жек болмады, бірақ мен Стив Роллспен мақтанамын. Ол бірнеше жақсы соққы бағыттап, екінші раундты жеңіп алды. Бокс даңқы залының панчеріне қарсы кездесуде ашық қалсаңыз, үлкен қауіп төнеді. Бірақ бұл жекпе-жекке бармағаннан әлдеқайда жақсы", - деп жазды промоутер өзінің Twitter парақшасында.

"Канелоның" промоутері

Ал Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойяның пікірінше, Головкин өз деңгейіндегі қарсыласпен жұдырықтаспады.

"Әдемі жеңіспен оралды. Ал енді нағыз боксшымен жұдырықтасып, белбеу жеңіп ал. Содан кейін мен үшінші жекпе-жек жайлы ойланып көремін", - деп жазды Оскар Де Ла Хойя.

Бокс сарапшысы, журналист

Бокс сарапшысы, журналист Дэн Рафаэл промоутер Оскар Де Ла Хойяның пікіріне жауап қайтарды.

"Мүмкін, Головкинге Оскар Де Ла Хойяның өзімен жұдырықтасып, оны нокаутқа түсіру керек шығар?", - деп жазды Рафаэл.

Айта кетейік, Головкин де промоутердің пікіріне жауабын айтты: "Оскарды білесіздер ғой. Ол өте көп сөйлейді".  

The Ring бас редакторы

Беделді The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Головкиннің нокаутына таңданысын жасырмады.

"Бам! Қараңыздаршы. Бұл Головкиннің "тәтті" оң қолы болды. Головкин нокаут алғысы келіп жүр деп Твиттерге жазайын деп жатқан едім. Бірақ ол не істеп жатқанын білді деп ойлаймын", - деп жазды Дуглас Фишер.

 WBO чемпионы

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде Геннадий Головкиннің көп соққы жібергеніне мән берді.

"Статистикаға сүйенсек, Головкин үш раундта Роллстан 38 соққы жіберген. Соққылар статистикасына сай, менің 12 раундта 55 соққыдан артық өткізбегеніме ұзақ уақыт болды", - деп жазды әлем чемпионы.

Қазақстан бокс федерациясының президенті

Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев та шетте қалмады. Ол Головкинге өз үндеуін жолдады.

"Қазақстандағы спортсүйер қауым Madison Square Garden аренасында сізбен бірге қуанды және бүкіл әлем GGG таланты мен қазақстандық бокс мектебінің даңқына тағы да көз жеткізді. Олар үшін бұл жылдың басты жекпе-жегі болды.

Осы спорт мерекесі үшін сізге алғыс айтамын. Оны жүз мыңдаған отандастарыңыз сізбен бірге атап өтті. Жаңа жеңістер, денсаулық пен табыс тілеймін", - делінген Құлыбаевтың құттықтауында.

"Елде жүргендей болдық". Қазақстандық Головкин - Ролсс жекпе-жегіндегі атмосфера жайлы

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды.

Ал жекпе-жектен соң Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізген еді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная