02 октября 2020 16:21

Банк қандай жағдайларда баспананы тартып ала алады?

© pixabay.com

Кредит, алимент немесе айыппұлын төлей алмаған қазақстандықтардың баспанасын қарыз үшін тартып алуға бола ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ипотекалық несиелендірумен айналысатын маман Лаура Жолшыбаева айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кредит, алимент немесе айыппұлын төлей алмаған қазақстандықтардың баспанасын қарыз үшін тартып алуға бола ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ипотекалық несиелендірумен айналысатын маман Лаура Жолшыбаева айтып берді.

Заңгердің айтуынша, банк қарызын уақтылы төлемей, төлемді үш немесе одан да көп айға дейін кешіктерген борышкердің мүлкін тартып алуға құқылы.

Реклама
Реклама

"Заңда банк қарыз алған адамның баспанасын еш жағдайда тартып ала алмайды деген жоқ. Бірақ мұнда ескеретін бір жайт бар. Банк немесе кез келген қарыз беруші ұйым әлеуметтік жағдайы төмен отбасыны жылыту маусымында үйді босатуын талап ете алмайды, яғни үйінен шығарып жібере  алмайды. Бұл туралы  "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 29-бабында көрсетілген", - дейді Жолшыбаева.

Осы ретте маман борышкердің қандай жағдайларда баспанасынан айырылып қалуы мүмкін екенін айтты.

Салық бойынша қарызы бар болса

Егер ол салық төлемесе, Мемлекеттік кірістер департаменті сотқа арыз түсіруге құқылы дейді. Ал сот өз кезегінде жылжымайтын мүліктің кімнің атында тіркелгенін анықтап, ол үйдің қарызы бар-жоғын, кепілде ме, жоқ па тексереді. Заңгердің айтуынша, қазақстандықтар көбіне көлік салығын бірнеше жыл төлемей жатады.

Коммуналдық қызметтерге төлемесе

"Мысалы, жаңадан салынған және пайдалануға берілген үйден пәтер алып, онда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бірақ иесі өзі тұрмаса, ол коммуналдық қызметке төлемеуі керек деген сөз емес. Бұл жағдайда қарыз 200-300 мыңнан асса коммуналдық қызмет компаниялары сотқа арыздана алады", - дейді заңгер.

Алимент төлемей жүрген болса

Маман "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" заңға сүйене отырып, баланың ата-анасы ажырасып, ата-ананың бірі кәмелетке толмаған баласын асыраудан бас тартса, олардан сот тәртібі бойынша өтемақы өндірілетінін айтады.

Заңгердің айтуынша, бүгінде жылдап алимент төлемей жүрген қазақстандықтар көп. Ол қарыз 3-4 миллионға дейін жетуі мүмкін. Осы кезде әдетте борышкердің атына арыздар түсіп жатады дейді.

Сот үкімінде мүлікті тәркілеу туралы айтылса

Қандай да бір қылмыс жасаған адамға тағайындалған жазада мүлкін тәркілеу туралы көрсетілуі мүмкін. Бұл әдетте қылмыстық жолмен тапқан ақшаға баспана алғандарға қатысты. Мұндай жағдайда сот үкімі заңды күшіне енген сәтте сот үйді тартып ала алады.

Банкте қарызы болса

Борышкер баспанасын кепілге қойып, несие алған болса және келісімшартта несие уақтылы төленбесе, кепілдегі мүліктің тартып алынатыны көрсетілсе, банктің баспананы тартып алу құқығы бар және бұл сот үкімінсіз-ақ шешіледі. Кредитор баспананың шаршы метрі бойынша бағасын белгілеп, саудаға қояды. Көп жағдайда бұл процеске сот орындаушылары қатысады дейді.

Ажырасқанда ипотека мен несие бойынша берешекті кім төлейді

Ал ипотекадағы үйдің, Лаура Жолшыбаеваның айтуынша, келісімшарт бойынша 50 пайызынан көбі төленіп қойған болса, банк ол мүлікті еш жағдайда тартып ала алмайды.

Мысалы, 14 миллион теңге несиеге пәтер сатып алып, сол қарыздың 8 немесе 9 миллион теңгесі төленсе, кредиторлар да, сот та пәтерді тартып ала алмайды дейді заңгер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram