20 июля 2018 | 10:13

Автоұрылар Айқын мен Бүркіттің көлік айнасын ұрлап кеткен

Қазақстандық әншілер Айқын мен Бүркіт қымбат көліктерінен қалайша бірнеше рет айнасы ұрланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әншілер Айқын мен Бүркіт қымбат көліктерінен қалайша бірнеше рет айнасы ұрланғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты білдірген пікірінде қос әнші де өз көліктерінің бірнеше рет автоұрылардың қолынан бүлінгенін айтты. 

Реклама
Реклама

"Сұмдық. Қайдағы жоқ бір көлік айнасына бола еліміздің мақтанышы өлім құшты!!! Автоұрылар. Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмас еді. Олар деталін алып тастап, автобарахолкада немесе Кар ситиде сатады. Неге екенін, Астанада мұндай жоқ. Тосқауыл қойылған сияқты", - деген Айқын өз көлігінен айна ұрланған оқиғасын баяндады. 

Әншінің көлігінен бір жылда үш рет айнасы ұрланыпты. "Тапа-тал түсте... Қолыма түссе, қолдарын сындырар едім деп ойлайтын едім. Енді сұмдықтан аман қалғанымды сезіп отырмын. Бұл белгілі бір қорғаштайтын адамы бар әрі жолға қойылған бизнес. Ұрлайтын да, сатып алатындар да бір адамдар. Жылдан жылға жалғасып келе жатыр. Ниет болса, барлығына да тосқауыл қоюға болады", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал әнші Бүркіт Алматыда автоұрылардың көп екенін, бірақ олардың қаруы бар екенін білмегенін айтып отыр.

"Төле би көшесінің бойындағы ескі автобазардың маңында ұрлық үстінде ұстап алдым, сонда ғана олардың жалғыз емес, бірнеше адам болып жүретінін білдім. 5-6 адам болып топтасып жүреді. Бұл дегеніміз банда! Тереземді де бірнеше рет сындырып кеткен. Дөңгелекті тесіп кететіндер де бар, ал көліктен шығып, не болғанын аңғармай жатқанда салоныңнан бағалы заттарды ұрлап үлгереді. Олардың үстінен астыртын дем беріп, қолдау білдіретін басшылары бар екенін естігенмін. Мұндай оқиға ауыр әрі ұят. Билік мұндай айуандарды ұстап, лайықты жазасын беретін уақыт келген шығар. Қолдау білдіріп, астыртын дем беретіндерді де жазалау қажет! Ұрлық үшін қатаң жазалау қажет!", - дейді Бүркіт.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Ал бүгін, 20 шілдеде таңғы уақытта ҚР ІІМ өкілдері күдіктілердің бірі ұсталғанын және оның өз қылмысын мойындағанын хабарлады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная