ПОДЕЛИТЬСЯ
29 апреля 2020 | 09:16
"Бәрі қамалды". Ернар Айдар өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Әнші Ернар Айдар өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Ернар Айдар өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өнерпаз смартфоны қолына енді ғана тигенін айтып, сөзін бастады. Ол өзін сынағандарға да жауап берді.
"Осы істің ақ-қарасын білмей, мені сынап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Сол ұтыс ойынын ұйымдастырған ұйымдастырушының барлығы қамалды. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол тергеу жұмыстарының әділ өтуіне мен де өз тарапымнан көмегімді беріп жатырмын. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп, мен де алданып қалдым, ағайын. Баршаңызға жақсылық тілеймін, барлығы әділ өтеді деген сенімдемін.
Сондай-ақ, ол алдағы уақытта істің мән жайын хабарлап отыратынын айтты.
Ал мұның алдында Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдардың алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан еді.
Еске салайық, 24 сәуірде әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзғаны үшін ұсталғаны хабарланған. Алматылық полицейлердің мәліметінше, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойнатқан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также