Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 апреля 2020 09:44

"Алаяқтардың құрбаны болды" - Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдардың ұсталуы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/m_besbaev Фото: instagram.com/m_besbaev

Әнші Мейрамбек Бесбаев карантин ережесін бұзғаны үшін ұсталған Ернар Айдардың жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Ернар Айдар алаяқтардың құрбаны болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Мейрамбек Бесбаев карантин ережесін бұзғаны үшін ұсталған Ернар Айдардың жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Ернар Айдар алаяқтардың құрбаны болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы күндері қазақтың талантты ұлдарының бірі, белгілі әнші Ернар Айдардың маңайында болып жатқан жағдайдан біршама хабардар шығарсыздар. Мен Ернармен хабарласып, мән-жайды анықтап білдім. Өзі сіздерге толық ақпарат берейін десе, телефоны бұғаттаулы, себебі қазір алаяқтар ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан, мен сіздерге болған жағдайды жеткізгелі отырмын. Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны болып отыр. Бүгінгі таңда алаяқтар құрықталды", - деп жазды Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Әншінің мәліметі бойынша, Ернар Айдар тергеу жұмыстарының әділ жүруі үшін жан-жақты ақпарат беріп, барынша көмектесіп жатыр. Сондай-ақ, Бесбаев әріптестерінен жеңіл табысқа құмартпауын сұрады.

"Қазақта "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" деген сөз бар. Өнер адамының аңқылдақ ақкөңілдігі кейде осындайда өзін жарға жығатыны да бар. Ол үшін сүйікті ұлдарыңызды қатты сөге көрмеңіздер. Өздеріңіз білесіздер, әнші ұлдарыңыз алдарыңызда талай өнер көрсетіп, қаншама қайырымдылық шаралардың бел ортасында жүрді. Әлі де сіздер үшін қызмет жасап, сахнадан көңілдеріңізді көтереді. Ернар тап болған бұл жағдайға түспес үшін, мен барша әріптестеріме мұндай жеңіл табысқа құмартпауын ескерткім келеді! Осындай келеңсіз жағдайға түсіп қалған Ернар ініме сабыр тілеп, барша ағайынға Ораза айында кешірімді болуын сұраймын, - деп жазды ол.

Айта кетейік, 24 сәуірде Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзғаны үшін ұсталғаны хабарланған. Алматылық полицейлердің мәліметінше, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойнатқан.

Еске салайық, биыл ақпанда бірқатар жұлдыз осындай жағдайға тап болған еді. Сонда эстрада және кино жұлдыздары "Гарант-24" ломбардын жарнамалап, кейін халықпен бірге өздері де алданып қалғанын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети