ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Мойынқұмда атыс: оқиғадан бір адам қаза тапты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Мойынқұмда атыс: оқиғадан бір адам қаза тапты Оқырман жолдаған сурет

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мойынқұм аулындағы азық-түлік дүкенінің маңында екі жас жігіт жанжалдасқан. Салдарынан біреуі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін қазір тергеу анықтап жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сол маңдағы үйдің тұрғындары атысты естіп, полицияға хабар берген.

"Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесі жатыр екен. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды", - деді ведомстводағылар.

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері Мойынқұм аулының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан 20-шы калибрлі қару тәркіленді.

Қазір жанжалдың себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.


Оқырман жолдаған сурет

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
ОТПРАВИТЬ
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама