1. Главная
  2. Узнай
  3. Происшествия
  4. Преступность

Мойынқұмда атыс: оқиғадан бір адам қаза тапты 28 августа 2020, 13:06

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Нашли ошибку?

Оқырман жолдаған сурет Оқырман жолдаған сурет

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мойынқұм аулындағы азық-түлік дүкенінің маңында екі жас жігіт жанжалдасқан. Салдарынан біреуі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін қазір тергеу анықтап жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Сол маңдағы үйдің тұрғындары атысты естіп, полицияға хабар берген.

"Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесі жатыр екен. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды", - деді ведомстводағылар.

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері Мойынқұм аулының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан 20-шы калибрлі қару тәркіленді.

Қазір жанжалдың себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.


Оқырман жолдаған сурет

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Join Telegram