"Құшақта мені". Карантиндегі италиялықтар әсерлі флешмоб бастады

"Құшақта мені". Карантиндегі италиялықтар әсерлі флешмоб бастады © Reuters

Италияның карантинге жатқызылған тұрғындары елде коронавирус тарап жатқан кезде түрлі қаланың тұрғындарын біріктіру үшін әуенді флешмоб бастады. Tengrinews.kz тілшісі италиялықтар бастаған челлендж туралы баяндайды. 

Италияның карантинге жатқызылған тұрғындары елде коронавирус тарап жатқан кезде түрлі қаланың тұрғындарын біріктіру үшін әуенді флешмоб бастады. Tengrinews.kz тілшісі италиялықтар бастаған челлендж туралы баяндайды. 

"Дыбыс" деп аталған флешмобты Римдегі оркестр бастаған. 

"Терезені ашып, балконға шығып, алыста болсақ та, бірге әндетейік", - деп жазған флешмобты бастағандар Facebook-парақшасында. 

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушылардың айтуынша, музыка - жанға берілетін дәрі. Қазір ең қажеті осы дейді олар. 

"Ноталарды білесіз бе, музыкалық аспапта ойнайсыз ба - маңызды емес. Жай ғана ән айтыңыз не кастрюльде ойнап беріңіз. Маңыздысы, бізді естігені, себебі музыка - жанға берілетін ең жақсы дәрі. Қазіргі уақытта бізге ең қажеті - осы. Тыныштықты бұзайық!", - дейді ұйымдастырушылар. 

Бұл ұсыныс әлеуметтік желіде тарап кетті. Флешмоб өткен жұмаға кешкі 18:00-ге жоспарланған. 

Бәрі ойлағандағыдай болды: өткен жұмада италиялықтар бір уақытта балконға шығып, білетін әндерін шырқаған. Бірі ұлттық гимнді орындаса, бірі Адриано Челентаноның әнін немесе басқа да хиттерді айтқан. 

Флешмобтың тағы бір әсерлі видеосы Неапольде түсірілген. Қала тұрғындары балконға шығып, неапольдік "Abbracciame" әнін бірге орындайды. Бұл әннің атауын ағылшыннан қазақ тіліне "Құшақта мені" деп аударуға болады. 

Негізі, мұндай флешмобты бастаған италиялықтар емес. Олар бұл идеяны Уханның оқшауланған тұрғындарынан алған. Ақпанның басында олар да өз-өздеріне қолдау көрсету үшін флешмоб ұйымдастырған еді. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда қазір вирустан емделгендерді қосқанда елде 24,7 адам коронавирус жұқтырған. Қайтыс болғандардың жалпы саны 1809 адамға жеткен. 

Tengrinews
Вопрос от автора
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама