ПОДЕЛИТЬСЯ
30 июля 2019 | 09:18
"1,5 миллион теңгеге дейін". Оқу ақысы жоғары мамандықтардың жалақысы қанша?
Таяуда Қазақстан университеттеріндегі ең қымбат деген 10 мамандықтың тізімі жарияланды. Тізімде "Құқықтану", "Кеден ісі" және "Қаржы" факультеті көш бастап тұр. Бұл мамандықтарға оқу үшін жылына орташа есеппен 420 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін ақша төлеу керек. Ал төртінші және бесінші орындарда "Есеп және аудит" пен "Экономика", "Менеджмент", "Маркетинг" мамандықтары тұр - оқу құны жылына 1,25 миллион теңгеге дейін барады. Сондай-ақ, бұл тізімде "Халықаралық қатынастар", "Халықаралық құқық", "Әлемдік экономика", "Аймақтану", "Ақпараттық жүйелер" мен "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандықтары бар. Мұнда, сарапшылардың мәліметінше, оқудың бағасы жылына 510 мың теңгеден 1,2 миллион теңгеге дейін.

Tengrinews.kz тілшісі еліміздің жоғары оқу орындарындағы ең қымбат мамандықтардың жалақысы қандай екенін анықтап көрді. Рекрутинг агенттігінің кеңесшісі Лаура Нусипованың айтуынша, аталған тізімдердің ішінде ең жоғары жалақы - "Ақпараттық жүйелер" мен "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" факультетінің түлектерінде. Бүгінде олардың жалақысы 1,5 миллион теңгеге дейін жетеді екен.
"Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты қазіргі таңда IT мамандарына сұраныс өте жоғары. Тәжірибесі жоқ мамандардың өзіне жақсы жалақы ұсынып жатқан компаниялар жетерлік. "Ақпараттық жүйелер" мен "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығын айтар болсақ, бүгінде олардың орташа есеппен 600 000 теңгеден басталып, 1-1,5 миллион теңгеге дейін барады. Сондай-ақ, олардың қосымша басқа да жұмыстарды істей алатынын айта кету керек. Бұл сала мамандары үйде отырып-ақ, жақсы табыс таба алады", - дейді сарапшы.
Ал "Құқықтану", "Кеден ісі" және "Қаржы" факультетін бітірген мамандар орташа есеппен 220 000 - 380 000 теңге алады екен.
"Мысалы, құқықтану саласында жұмыс істеп жүрген - адвокат, заңгерлер, нотариус мамандары орташа есеппен 270 000 теңгеге дейін алады. Ең төмен деген жалақы 180 000 теңге деп айтуға болады. Ал кеден ісі саласы мамандарына еңбек өтілі өте маңызды. Мысалы, еңбек өтілі 10 жылдан асқан қызметкерлердің жалақысы шамамен 500 000 теңгеге дейін жетеді. Еңбек өтілі одан төмен болса, 270 000 - 290 000 теңгеге жуық жалақы алады", - дейді Нусипова.
Қазақстанда жиі кездесетін тағы бір мамандықтардың бірі - "Есеп және аудит". Дегенмен, сарапшының сөзіне сүйенсек, бұл сала мамандарына талап өте жоғары. Кем дегенде 2 жылдан 6 жылға дейін еңбек өтілі болуы тиіс және олар толық жұмыс күні отыруы керек болады. Есепшілер мен аудиторлардың жалақысы, маманның айтуынша, орташа есеппен 500 000 теңге.
Сондай-ақ, сарапшы "Экономика", "Менеджмент" және "Маркетинг" факультеттерінің бүгінде заманауи екенін және оларға деген сұраныстың әрдайым жоғары болғанын айтады.
"Еңбек нарығында интернет-маркетинг дамығалы бері осы сала түлектерінің мүмкіндіктері жоғарылады. Артықшылығы - мұнда тәжірибесі жоқ, енді ғана ЖОО бітірген жастар жұмысқа еш қиындық орналаса алады. Жалақылары 120 000 - 130 000 теңгеден басталады. Ал мықты мамандар, яғни осы салады 3,4 жылдан аса жүрген қызметкерлер бүгінде 350 000 теңге жалақы ала алады. Бұл соңғы екі жылдағы көрсеткіш бойынша", - дейді рекрутинг агенттігінің сарапшысы.
Ал "Әлемдік экономика" пен "Аймақтану" мамандықтарына, Нусипованың айтуынша, сұраныс төмен. Олардың жалақысы орташа есеппен 150 000 теңге дейді.
Оқи отырыңыз:
Жоғалатын мамандықтар тізімі: Робот заңгерді алмастыратын күн жақын
Мамандық таңдауда қателеспеудің жолы - Gap Year жайлы не білесіз
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также