ПОДЕЛИТЬСЯ
20 апреля 2020 | 10:37
42 500 теңге: министр жәрдемақыны қайтаруға қатысты мәселенің нүктесін қойды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып, 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып, 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда 42 500 теңге 3 миллион 960 мың адамға тағайындалған. Бюджеттен 157 миллиард теңге бөлініпті.
Осы орайда министр бұл төлемді алған азаматтар қылмыстық жауапқа тартылмайтынын жеткізді.
"Соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желіде, қоғамда "42500 теңге алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады" деген әңгіме тарады. Оған не себеп болғанын біз анықтадық. 5 сәуірде орыс тілінде Данияр Нұрланұлы және Руслан Қожахмет есімді заңгерлер Қылмыстық кодекстің "алаяқтық" бабы бойынша жауапқа тартылатынын талқылап, 42 500 теңге көлеміндегі төлемге байланыстырған мақала болған. Бұл азаматтар мақалада министр Нұрымбетовтің "жаппай тексеріп жатпаймыз" деген сөзін жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәліметтерді беруі мүмкін дегенді де жазған", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Біржан Нұрымбетов бұл мәселеге нүкте қойды.
"Құрметті қазақстандықтар, бірде-бір адам 42 500 теңгені алғаны және жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Тағы да айтамын. 42 500 теңгені алғаны және қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - деді ол.
Министр әлеуметтік төлем алғандар неге тексерілмейтінін түсіндірді.
"Неге біз тексермейміз? Бұл - әлеуметтік төлем. Егер елімізде төтенше жағдай болмаған жағдайдың өзінде еліміздегі халықтың табысы аз. Жалақының мөлшері төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан "көпшілік осы төлемді алсам ба?" деген. Сондықтан мен өткен брифингтерде айтқамын, біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз", - деді Нұрымбетов.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатынын мәлімдеген.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также