Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 марта 2020 21:13

42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы алатындардың саны артады - Президент

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатындардың саны артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алатындардың саны артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатындардың санатын кеңейтуді тапсырамын. Осыған орай бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы 3,5 миллионға жуық азаматқа қолдау көрсетіледі", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер, жұмыссыз тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1-сәуірден 1-шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрығыдай қолжетімді болып қала береді", - деді Президент.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 340-қа жетті. 22 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети