ПОДЕЛИТЬСЯ
13 апреля 2020 | 11:40
42 500 теңгені алу үшін өтінішті қандай жағдайда жұмыс беруші түсіре алады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кім алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кім алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біріншіден, жалдамалы жұмысшы. Яғни төтенше жағдайда байланысты жұмыс беруші "жағдайым жоқ" деп сізді ақысыз еңбек демалысына жіберді. Ол шағын және орта бизнес өкілдері, карантин жарияланған қалалардағы ірі кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік қызметтен басқалары болуы мүмкін", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, мұндай жағдайда 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу үшін өтінішті жұмыс беруші береді.
Осы орайда министр жәрдемақыға өтінішті кімдер өзі тапсыра алатынын айтты.
"Екінші жағдай, жеке тұлғаларға қатысты. Яғни оны "жеке кәсіпкер, ИП" дейміз. Ол - адвокат, нотариус, сот орындаушысы, медиатор, репетитор немесе фрилансер. Сондай-ақ, ИП ашпай, бірыңғай жиынтық төлемді (ЕСП) төлеп жүрген азаматтар. Сіздер де жәрдемақы алуға өтініш бере аласыздар", - деді Біржан Нұрымбетов.
Айта кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтар 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қалай алатынын түсіндірген.
Сондай-ақ, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын айтқан.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также