Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 апреля 2020 19:51

Қазақстандықтар 42 500 теңгені 3 жолмен ала алады - вице-министр

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қазақстандықтар 3 жолмен алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қазақстандықтар 3 жолмен алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншісі, еgov.kz порталы. Онда төтенше жағдай байлынысты 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы деген қызмет бар. Екіншісі, 42 500.enbek.kz сайты. Үшіншісі, Telegram-бот. Ол 17 өңірге бөлінген. Осы өңірлік боттар арқылы жәрдемақы алуға өтініш беруге болады. Тұрғын осы ботқа электронды цифрлық қолтаңбасыз, құжаттарды сканерлемей, бланкісіз кіреді алады. Тек бірнеше ақпаратты енгізіп, өтініш беруге мүмкіндігі бар", - дейді Нариман Мұқышев Tengrinews.kz тілшісіне Instagram желісі арқылы онлайн эфирде берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазақстандық өтініш берген соң, ол бірнеше күн қаралады.

"Кейін азаматқа не SMS, не еgov.kz порталындағы жеке кабинетіне жәрдамақыны алатыны-алмайтыны жөнінде хабарлама келеді", - деді вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қанша адам алғанын, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге арналған сайттың қалай жасалғанын, электронды үкімет порталына хакерлік шабуыл қалай жасалғанын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети