ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сентября 2020 | 14:42
Алматыда маска тақпағандар автобус камерасы арқылы анықталып жатыр
Алматыда 1 мыңнан аса жолаушының автобуста маска тақпағаны анықталды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма басшысы Ерлан Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда 1 мыңнан аса жолаушының автобуста маска тақпағаны анықталды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма басшысы Ерлан Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, тамызда қоғамдық көліктерде интеллектуал камералар іске қосыла бастаған.
"Пилоттық жоба аясында 2 маршруттың 4 автобусына яғни №120, №63 қоғамдық көліктеріне 8 бейнебақылау камерасы орнатылды. 1773 жолаушы маска режимін бұзған, оның ішінде 1106 жолаушы маскасыз жүрген, 667 жолаушы масканы дұрыс тақпаған. Жұмыс барысында 1 жүргізуші жұмыстан шығарылып, 3 жүргізушіге сөгіс жарияланды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев алдағы уақытта қаладағы қоғамдық көліктерде қосымша интеллектуал камералар орнатылатынын жеткізді.
"8 маршруттың 32 автобусына қосымша камералар орнатқалы отырмыз. Бұл №25, 7, 205, 138, 38, 69, 37, 63 маршруттары", - деді басшы.
Ол бұл технология адамдарды жазалау үшін емес, коронавирустан сақтану үшін енгізіліп жатқанын атап өтті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также