1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Алматыда маска тақпағандар автобус камерасы арқылы анықталып жатыр 03 сентября 2020, 14:42

Алматыда 1 мыңнан аса жолаушының автобуста маска тақпағаны анықталды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма басшысы Ерлан Әділов айтты, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Нашли ошибку?

Фото © Николай Колесников Фото © Николай Колесников

Алматыда 1 мыңнан аса жолаушының автобуста маска тақпағаны анықталды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма басшысы Ерлан Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тамызда қоғамдық көліктерде интеллектуал камералар іске қосыла бастаған.

"Пилоттық жоба аясында 2 маршруттың 4 автобусына яғни №120, №63 қоғамдық көліктеріне 8 бейнебақылау камерасы орнатылды. 1773 жолаушы маска режимін бұзған, оның ішінде 1106 жолаушы маскасыз жүрген, 667 жолаушы масканы дұрыс тақпаған. Жұмыс барысында 1 жүргізуші жұмыстан шығарылып, 3 жүргізушіге сөгіс жарияланды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев алдағы уақытта қаладағы қоғамдық көліктерде қосымша интеллектуал камералар орнатылатынын жеткізді.

"8 маршруттың 32 автобусына қосымша камералар орнатқалы отырмыз. Бұл №25, 7, 205, 138, 38, 69, 37, 63 маршруттары", - деді басшы.

Ол бұл технология адамдарды жазалау үшін емес, коронавирустан сақтану үшін енгізіліп жатқанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Join Telegram