02 июня 2020 | 17:46

Ауру жұқтыру жағдайы азаймаса да карантин тәртібі неге жеңілдеп жатыр?

Даурен Ерболат Журналист
Фото: astrakhan.su

Қазақстанда карантин талабы жеңілдеп жатыр. Өңірлер арасындағы блокбекеттер алынды. Балабақшаларға, фитнес орталықтарына, барлық спорт және мәдениет нысанының жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алайда республикада қауіпті індет жұқтырғандардың саны азаяр емес. Tengrinews.kz тілшісі елімізде коронавирус жұқтыру дерегі неге азаймай тұрғанын біліп көрді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда карантин талабы жеңілдеп жатыр. Өңірлер арасындағы блокбекеттер алынды. Балабақшаларға, фитнес орталықтарына, барлық спорт және мәдениет нысанының жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Алайда республикада қауіпті індет жұқтырғандардың саны азаяр емес. Tengrinews.kz тілшісі елімізде коронавирус жұқтыру дерегі неге азаймай тұрғанын біліп көрді. 

Бүгін тағы 263 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Ауруды жұқтыру өсімі - 2,3 пайыз. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 11 571-ге жетті. 5 757 науқас дертінен айықты, 41 адам аурудан көз жұмды. 

Реклама
Реклама

Науқастар саны неге артты?

26 мамырда Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова инфекция жұқтырғандар саны не себепті көбейгенін былайша түсіндірді:

"Біріншіден, коронавирусқа қатысты профилактикалық мақсатта тексеру саны артты. Екіншіден, ұжымдарда вирус жұқтыру жағдайы көбейді. Ал үшіншіден, ауруханаға жүгінетіндер санының артуымен байланысты", - деді бас санитар дәрігер денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында өткен брифингте.

Оның пікірінше, науқастар санының артуы ең алдымен коронавирусты анықтауға тексеру жұмыстардың қарқынды жүргізілгенімен байланысты.

Айжан Есмағанбетова 25 мамырда елімізде індет жұқтырудың 438 жағдайы тіркелгенін атап өтті. Өсім - 5,1 пайыз.

"Оның ішінде 88 пайызы - профилактикалық тексеруден өткен, 10 пайызы ауруханаға жүгінген және 8 жағдай басқа елден келгендер арасынан анықталды", - деді бас санитар дәрігер.

Алматыда да өсім байқалды

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының өсуін тестілеу жұмысының белсенді жүргізілуімен байланыстырды.

"Оның себебі бәрімізге мәлім. Карантин режимі кезінде қалаға кіреберістер ашылды. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен коронавирусты анықтауға тестілеуге тапсырыс бере алады. Тестілеу ауқымды болды. 3 мыңға жуық қызметкер өз еркімен тестілеуден өтті. Ауру дерегінің өсуі осыған байланысты", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Карантин талаптары жеңілдеді

1 маусым күні түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында блокбекеттер алынды

Сондай-ақ, осы күннен бастап, фитнес және SPA орталықтар, барлық спорт және мәдениет нысаны, балабақшаларға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сауда орындары, дәмхана, мейрамханалар өз жұмысын бастады. Бұл да індет жұқтыру қаупін арттыруы ықтимал. Сондықтан мамандар қазақстандықтарға сыртқа шыққанда маска тағып, арашақашықтықты сақтауға, қолды жиі жуып жүруге, әрі адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді.

Ал Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өссе, блокбекеттер қайта қойылатынын ескертті.

"Індет жұқтыру дерегі көбейеді"

Бүгін еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова республикадағы эпидемиологиялық жағдайға баға беріп, карантин талабының жеңілдеуі індет жұқтыру дерегінің өсуіне ықпал ететінін ашық айтты. 

"Қазір адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай бастады. Біз далаға шыға бастадық. Әлеуметтік байланыстың артуы инфекцияны жұқтыру дерегінің өсіміне ықпал етеді. Алайда елімізде тіркеліп жатқан коронавирус дерегін бақылауға болады. Оны бақылауда ұстап отырмыз", - деді ол денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында өткен брифингте.

Осы орайда бас санитар дәрігер қазақстандықтарға карантин талабын қатаң сақтауға кеңес берді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная