1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Елдегі жағдай күрт нашарласа, блокбекеттер қайта қойылады - Байғабылов

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өссе, блокбекеттер қайта қойылады. Бұл туралы Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Блокбекеттер өз міндетін атқарды. Біз келесі деңгейге өтіп жатырмыз. Шектеу шараларына басымдық беріліп жатыр. Әрине, елдегі жағдай күрт нашарласа, блокбекеттер өңірлерде қайта қойылады. Біз облыс орталықтары аралығындағы блокбекеттерді алдық. Ал облыстың ішіндегі блокбекеттерді қалдырдық", - деді ол Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-те өткен брифингінде.

Айта кетейік, бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында блокбекеттер алынған болатын.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 11 308-ге жетті. 5 404 науқас дертінен айықты, 41 адам аурудан көз жұмды.