22 октября 2020 | 12:28

Авторлық құқық, әншілерге шектеу, көркемдік кеңес құру. Сенат қабылдаған заң жобасы не туралы?

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ©pexels.com

Сенат әншілердің сахнаға ұқыпсыз киініп, әдепсіз мінез-құлық көрсетуін, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат әншілердің сахнаға ұқыпсыз киініп, әдепсіз мінез-құлық көрсетуін, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы талқыға салынды.

Реклама
Реклама

Отырыста мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заңның негізгі мақсаты - қолдағы заңнаманы жетілдіру және мәдениет саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау екенін атап өтті. Оның айтуынша, аталған заң жобасы "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы", "Мәдениет туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарға түзетулер енгізуді көздейді, түзетулердің негізгі блогы мәдениет саласына қатысты.

Электронды кітапхана

Осы орайда министр электронды кітапхана мәселесіне тоқталды.

"2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы базасында Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының жобасын іске асырырылып келеді. Алайда бүгінде еліміздің электрондық кітапханасын іріктеу, қалыптастыру, толықтыру және дамыту тәртібін айқындайтын заңнамалық база жоқ.

Қазақстанның мәдени құндылықтары мен ұлттық мәдени игілігін электронды форматта сақтау бағытында айтылған олқылықтарды жою, сондай-ақ халықтың зияткерлік әлеуетін арттыру және қазақстандық ғылым мен мәдениетті танымал ету бойынша жағдайларды арттыру мақсатында заң жобасында электронды кітапхана мәселелерін реттейтін нормалар көзделіп отыр", - дейді ол.

Сенат фонограмма туралы заңды қабылдады

Концерттік қызмет

Сонымен қатар, заң жобасы аясында әншілердің сахнаға ұқыпсыз киініп, әдепсіз мінез-құлық көрсетуіне тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, әртіс кеште фонограммамен ән айтса, оны көрерменге алдын ала ескертуі керек.

"Концерттік ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйде өнер көрсету, жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалануға жол берілген бірқатар факт де бар. заң жобасы аясында заңнамалық деңгейде орындаушылардың осындай мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы осы мәселелерді барынша реттеуге тырыстық", - дейді министр.

Осыған байланысты ол заңға қандай түзетулер енгізілгенін айтты.

"Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарлау. Фонограммаларды пайдалану тәртібін заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнамалық өнімде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді", - дейді ведомство басшысы.

"Сахнаға ұқыпсыз киініп шығып, әдепсіз мінез-құлық көрсету". Әртістерге жаңа талап қойылуы мүмкін

Көркемдік кеңестер

Ақтоты Райымқұлова министрлік жанында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатында республикалық көркемдік кеңестер жұмыс істейтінін айтты.

"Көркемдік кеңестердің жұмысы өз жемісін беріп жатыр, театрлардың репертуары жақсарып, киножобалардың сапасы артты, әдебиет пен өнер шығармаларының да деңгейі артып отыр. Тұрақты негізде саланың даулы мәселелері талқылауға шығарылып, өз шешімін тауып жатыр.

Сонымен қатар, республикалық көркемдік кеңес аясында барлық саланың көптеген проблемасын қамтудың мүмкін еместігін тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған байланысты заң жобасының негізгі міндеті өңірлік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып саналатын, өңірлік көркемдік кеңестер құруды көздеп отыр", - дейді министр.

Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу

Оның айтуынша, 2017 жылы елімізде алғаш рет заңнамалық деңгейде авторларға қоғамдық маңызы бар әдебиет үшін қаламақы төлеу тәжірибесі енгізілген. Алайда іс жүзінде ыңғайсыз қайшылықтар пайда болыпты.

"Атап айтқанда, автордан әдебиеттерді сатып алу авторлық құқықтың барлық мерзіміне мемлекетке авторлық құқықты беруді көздейді. Ол автордың өмір сүрген кезіндегі мерзім және одан кейінгі 70 жыл. Бұл тұрғыда мемлекет әдебиетті оны мемлекеттік кітапханаларға өтеусіз негізде тарату үшін ғана сатып алатынын айта кеткен жөн", - дейді Райымқұлова.

Министрдің пікірінше, автордың кітапты қайта шығаруға немесе кітап дүкендеріне сатуға немесе оны басқа жолдар арқылы сатуға құқы жоқ.

"Бұл жағдайда мемлекеттің халыққа мәдени өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті орындалмайды, керісінше шектеліп отыр. Осыған байланысты жобада еліміздің кітапханаларына әдебиетті басып шығару және тарату мақсатында автордан әдебиеттерді белгілі бір мерзімге сатып алу қарастырылып отыр. Одан әрі, автор оны басып шығаруға және Қазақстан заңдарымен тыйым салынбаған кез келген басқа жолдармен таратуға құқылы болады", - дейді ол.

Мемлекеттік кітапханалар мен музейлердегі ақылы қызметтері

Ведомство басшысы қолданыстағы "Мәдениет туралы" заңда музейлер мен кітапханалар іске асыруға құқылы ақылы қызмет түрлерінің тізімі және олардан пайда табу тәртібі қарастырылғанын айтты.

"Тізім сол кезде мемлекеттік мекеме нысанында жұмыс істеген кітапханалар мен музейлерге құқық беру үшін заңға енгізілген болатын. Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, егер ақылы қызметтер құқығы салалық заңдарда көзделмесе коммерциялық емес болып саналатын мемлекеттік мекемелердің нысанында құрылған ұйымдардың мұндай қызметке құқығы жоқ", - дейді министр.

 Алайда бүгінде Қазақстанның көптеген музейі мемлекеттік кәсіпорынға айналған.

"Осы орайда қолданыстағы заңда музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беретін норма кәсіпорындардың ақылы қызметтер көрсету аясын шектеп отыр. Осыған байланысты заң жобасында осы норманың таралуын мекемелер түрінде құрылған ұйымдарға ғана қолдану ұсынылып отыр. Кәсіпорындар өз қызметін "Мемлекеттік мүлік туралы" заң талаптарының аясында іске асырады", - дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, Райымқұлова осы заң жобасы аясында мемлекет 100 пайыз қатысатын ұйымдарды жекешелендіруге тыйым салатын норманы атап өтті.

Сенат депутаттары аталған заң жобасын қабылдады. Осы орайда сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Бүгін қабылданға заң еліміздің мәдени саласын дамыту үшін аса маңызды. Бұл құжат кітапхана және баспаса ісін жетілдіруге, отандық электронды кітапхананы қалыптастыру мен оның қорын кеңейтуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, мәдениет ұйымдары мен шығармашылық одақтардың жұмысын қолдауға және концерттік қызметті реттеуге мүмкіндік береді. Бұл заң қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді реттеудің ашықтығын да қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, заң мәдениет саласындағы көптеген мәселені құқық тұрғысынан шешеді", - деп түйіндеді сөзін Әшімбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная