Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 сентября 2020 11:06

"Сахнаға ұқыпсыз киініп шығып, әдепсіз мінез-құлық көрсету". Әртістерге жаңа талап қойылуы мүмкін

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы талқыға салынды. Маңызды құжатты депутаттарға Ақтоты Райымқұлова таныстырды. Ол заң жобасы концерттік ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бір қатар мәселелерді реттейтінін айтты.

"Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнаға ұқыпсыз күйде шығу үрдісі болып отыр. Сондай-ақ, жоспарлаған концерттік бағдарламаны орындамау, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалануға жол берілген фактілер де бар. Осыған байланысты заң жобасы аясында орындаушылардың осындай мінез-құлқына жол бермеу бойынша бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы осы мәселелерді барынша реттеуге тырыстық", - деді министр.

Сондай-ақ, Райымқұлова құжаттағы маңызды өзгеріске тоқталды. Оның айтуынша, енді әнші концертте фонограммамен ән айтқанда көрерменді ескертуі керек.

"Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы көрерменді хабарлау және фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнама өнімінде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына әсер етеді", - деді ол.

Сонымен қатар, министр егер әнші бұл талапты орындамаса заң алдында жауап беруі мүмкін екенін жеткізді.

"Маңызды норманың бірі - музыкалық туындыны фонограммамен орындаған кезде оны алдын ала хабарлау. Бұл ұйымдастырушы мен орындаушының арасында келісімшарт бойынша реттеледі. Егер келісімшартта ол норма бұзылса, онда әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Өздеріңіз білесіздер, егер біздің Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бар. Осы кодекстің нормасына сәйкес, ол әкімшілік құқық бұзушылық нормасы қарастырылады", - деді Райымқұлова.

Заң жобасы қызу талқыланып мақұлданды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети