22 апреля 2020 | 18:27

Бас санитар дәрігер коронавирус мамыр айында өрши түсетінін айтты

Фото: mayaksbor.ru

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус індеті өршу кезеңіне өткенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус індеті өршу кезеңіне өткенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде елімізде COVID-19 вирусын 2047 адам жұқтырған.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда вирустық инфекциямен сырқаттанудың көбеюі аурудың өршуі болып саналады. Эпидемиологиялық тұрғыда аурудың өсу қарқыны маңызды. Себебі, ол эпидемияның нақты таралуын көрсетеді. Аурудың өсу дерегі 3 ай бойы байқалады. Ол - наурыз, сәуір, мамыр айлары", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айжан Есмағамбетова коронавирус індеті өршу кезеңіне өткенін атап өтті.

"Бүгінде біз аурудың өршу кезеңіндеміз. Мақсатымыз - аурудың қарқынын алдымен 5 пайызға, кейін 1 пайызға дейін азайту. Бүгінде аурудың қарқыны - 8 пайыз. Мамыр айында инфекция жоқ болып кетпейді. Ол бұдан кейін де тіркелуі мүмкін. Сондықтан профилактикалық шараларды тұрақты сақтау қажет", - деді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 505 науқас аурудан жазылды, 19 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная