18 декабря 2019 | 13:23

"Бәйтерек" зымыран кешенінің экологияға зияны жоқ - вице-министр

© pixabay.com

"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран кешені экологияға еш әсер етпейді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Прімқұлов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран кешені экологияға еш әсер етпейді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Прімқұлов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Прімқұловтың айтуынша, "Бәйтерек" жобасы "Зенит" зымыран нысанының жерүсті инфрақұрылымы базасы негізінде жасалады. Нысан "Зенитке" тән жанармаймен ұшады.

Реклама
Реклама

"Экологиялық өзгеріс болады деген болжамдар жоқ. Бүгінде "Бәйтерек" жобасы әсер ету есептік көрсеткіштері экологиялық нормаларға сай. Алайда жоба тек қоршаған ортаға әсерін бағалаудың алдын ала тексерісінен өткенін ескеру қажет", - дейді вице-министр.

"Жоба тексерістен өткеннен кейін іске қосылатын зымырандар анықталады. Одан кейін зымыран бөліктері түсетін траекториялар анықталады. Зымыран бөліктері құлайтын жерлер анықталғаннан кейін қоршаған ортаға әсерін бағалаудың жеке тексерісі болып, арнайы экологиялық зерттеуден өтеді. Алдын ала болжам жоқ. Алайда алаңдауға еш себеп жоқ", - деп мәлімдеді вице-министр. 

Айта кетейік, "Бәйтерек" зымыран нысаны Қазақстанның Ресеймен бірігіп құрып жатқан нысаны. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин "Бәйтерек" зымыран нысанына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынған.

Сколько потратит Казахстан на ракетный комплекс "Байтерек"


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная