22 апреля 2020 | 16:55

Бекшин Алматыда коронавирусты жастардың көп жұқтырып жатқанын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Tengrinews.kz

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда ересектердің басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда ересектердің басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 693 дерегі тіркелген, 5 адам індеттен көз жұмған.

Реклама
Реклама

"Ауру ересектердің арасында басым. Оның ішінде 15-19 жас - 43 жағдай (6,3 пайыз), 20-29 жас - 212 жағдай (31,3 пайыз), 30-39 жас - 129 жағдай (19 пайыз), 40-49 жас - 116 жағдай (17 пайыз), 50-59 жас - 115 жағдай, 60 жас және одан жоғары - 42 жағдай (6,1 пайыз)", - деді ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол қауіпті індетті студенттер мен оқушылар да жұқтырғанын атап өтті.

"Студенттер бойынша 40 жағдай, мектеп оқушылары - 15 жағдай, басқа елдерден келгендер - 38 жағдай және шекара қызметі академиясының курсанттары - 67 жағдай, авиация қызметкерлері - 2 жағдай, зейнеткерлер - 40 жағдай, жұмыс істемейтіндер 55 жағдай тіркелді", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар Алматы қаласының бас санитар дәрігері 383 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын атап өтті.

Контингент бойынша сырқаттану жағдайы:

Студенттер - 40, Мектеп оқушылары - 15, Басқа елдерден келген - 38, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының курсанттары - 67, Авиация қызметкерлері - 2, Зейнеткерлер - 40, Жұмыс істемейтін тұлғалар - 55, Жұмыс істейтін тұлғалар - 42, Медицина қызметкерлері - 383.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2047-ге жетті. 505 науқас аурудан жазылды, 19 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная