ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Бекшин Алматыда коронавирусты жастардың көп жұқтырып жатқанын айтты

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекшин Алматыда коронавирусты жастардың көп жұқтырып жатқанын айтты Фото: Tengrinews.kz

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда ересектердің басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оның айтуынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 693 дерегі тіркелген, 5 адам індеттен көз жұмған.

"Ауру ересектердің арасында басым. Оның ішінде 15-19 жас - 43 жағдай (6,3 пайыз), 20-29 жас - 212 жағдай (31,3 пайыз), 30-39 жас - 129 жағдай (19 пайыз), 40-49 жас - 116 жағдай (17 пайыз), 50-59 жас - 115 жағдай, 60 жас және одан жоғары - 42 жағдай (6,1 пайыз)", - деді ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол қауіпті індетті студенттер мен оқушылар да жұқтырғанын атап өтті.

"Студенттер бойынша 40 жағдай, мектеп оқушылары - 15 жағдай, басқа елдерден келгендер - 38 жағдай және шекара қызметі академиясының курсанттары - 67 жағдай, авиация қызметкерлері - 2 жағдай, зейнеткерлер - 40 жағдай, жұмыс істемейтіндер 55 жағдай тіркелді", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар Алматы қаласының бас санитар дәрігері 383 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын атап өтті.

Контингент бойынша сырқаттану жағдайы:

  • Студенттер - 40,
  • Мектеп оқушылары - 15,
  • Басқа елдерден келген - 38,
  • ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының курсанттары - 67,
  • Авиация қызметкерлері - 2,
  • Зейнеткерлер - 40,
  • Жұмыс істемейтін тұлғалар - 55,
  • Жұмыс істейтін тұлғалар - 42,
  • Медицина қызметкерлері - 383.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 2047-ге жетті. 505 науқас аурудан жазылды, 19 адам қайтыс болды.

Читайте также

Курс валют

 468.27   534.16   6.13 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +36
Астана +33
Актау +31
Актобе +21
Атырау +26
Б
Балхаш +37
Ж
Жезказган +31
К
Караганда +30
Кокшетау +25
Костанай +42
Кызылорда +32
П
Павлодар +29
Петропавловск +31
С
Семей +37
Т
Талдыкорган +39
Тараз +43
Туркестан +18
У
Уральск +29
Усть-Каменогорск +43
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Реклама
Социальные сети