ПОДЕЛИТЬСЯ
18 сентября 2020 | 17:07
Бірден 20 мыңға артты: ДСМ өкілі пневмония статистикасындағы өзгерісті түсіндірді
Денсаулық сақтау министрлігі 1-13 тамыз аралығында пневмониядан жазылғандар санын статистикаға 15 қыркүйекте қосқан. Сондықтан 14 қыркүйекте 7 мыңға жуық болып тұрған сан 15 қыркүйекте 26 мыңнан асты. Статистикадағы өзгерістің неден болғанын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда күн сайын коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеп жатқанын байқап отырмыз, соған байланысты жағдай тұрақты деуге болады... Бүгінде Қазақстанда коронавирус инфекциясына ұқсас белгілері бар, бірақ ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен 30 579 жағдай тіркелді. Олардың 26 533-і жазылды, 337 науқас қайтыс болды.
Осы жерде ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен науқастардың статистикасына байланысты жағдайды нақтылағым келеді. 14 қыркүйекте coronavirus2020.kz сайтында коронавирус белгілеріне ұқсас пневмониядан жазылған 6 853 науқас туралы ақпарат шықты. Ал 15 қыркүйекте бұл цифр бірден көбейіп, 26 435 адам болғанын көргендер бар шығар. Бұл өсім 1-13 тамыз аралығында стационарда, амбулаториялық деңгейде және үйде емделген науқастарды тіркеу базасына жүктегеннен болып отыр. Осыған байланысты коронавирус инфекциясына ұқсас пневмониядан жазылғандар саны ауырып қалғандар санынан асты деп айтуға болады", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізді коронавирус жұқтырған 107 134 науқас тіркелді. Оның 101610-ы жазылды. 1689 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также