23 июня 2020 | 10:27

COVID-19: маман спирт және арақ буымен дем алу туралы кеңестің дұрыс-бұрысын айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: inosmi.ru

Жұқпалы аурулар бойынша жетекші маман, профессор Динагүл Баешева қазақстандықтарға әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жұқпалы аурулар бойынша жетекші маман, профессор Динагүл Баешева қазақстандықтарға әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде "науқастар спирт және арақтың буымен дем алу керек" деген ақпарат тараған. Бұл мәліметке қатысты Динагүл Баешева пікір білдірді. Оның пікірінше, бұл - жалған ақпарат.

Реклама
Реклама

"Біз спирт қосылған антисептиктерді пайдалануға кеңес беріп отырмыз. Олар мұны осыған сүйене отырып айтқан шығар. Алайда бұл дұрыс емес. Бұл - жалған ақпарат. Біз мұндай кеңес бермейміз. Себебі, бұл вирус (коронавирус - автор) жойылуы үшін спирттің концентрациясы 60 пайыз болуы керек. Ал адам ағзасында мұны жасау мүмкін емес. Сондықтан бұл жалған ақпарат болып саналады", - деді ғалым орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері жұмыс берушілерге үндеу жасаған еді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 18 231-ге жетті. 11 158 науқас жазылды, 127 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная