Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 июня 2020 09:55

Қазақстанның бас санитар дәрігері жұмыс берушілерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primorsky.ru Фото: primorsky.ru

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс берушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс берушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, барлық адамға ПТР тестіні тапсырудың қажеті жоқ. Бұл тестіні алдымен коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар, әскерге шақырылғандар, жабық медициналық мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер тапсырады.

"Өкінішке қарай, бүгінде жекеменшік және мемлекеттік сектордағы барлық жұмыс беруші қызметкерлерінен іссапарға барғанда, демалыстан, ауруханадан шыққанда міндетті түрде ПТР тест тапсыру қажет деген талап қойып отыр. Құрметті жұмыс берушілер, бұл талап сіздің ұжымыңызды инфекциядан қорғамайды. Яғни сіздің кәсіпорныңыз ашық болса. Күн сайын сіздің қызметкерлеріңіз қозғалыста болады. Бұл - таңертең біздің жұмысқа келгенде және кешке жұмыстан шыққан уақыт. Жұмыстан шыққан соң біз басқалармен байланыс жасаймыз", - дейді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол жұмыстан шыққан қызметкер автобусқа отыратынын, дүкенге баратынын, жақын адамдармен қарым-қатынас жасайтынын жеткізді.

"Әрине, мұндай жағдайда ауру жұқтыру қаупі болады. Алайда қазіргі таңда жұмыс берушінің ПТР тестіні міндетті түрде тапсыру керек деген талабы қосымша жүктеме түсіріп жатыр. Сондай-ақ, бұл жағдай тестіні тапсыру қажет адамдарға қолжетімділікті азайтады. Бұл тест ертең әрбір адамға немесе жақындарымызға қажет болуы мүмкін. Сондықтан жұмыс берушілер мен халыққа ПТР тестіні тек одан өтуі керек адамдарға тапсыру керегін айтып келеді", - деді еліміздің бас санитар дәрігері.

Айжан Есмағамбетова жұмыс беруші қызметкерлерін коронавирустан басқа да жолдармен қорғай алатынын атап өтті.

"Жұмысқа кірер алдында термометрияның, санитайзерлердің болуы. Жұмыс кезінде мемдициналық маскаларды пайдалану. Жұмыс орнында арақашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету. Ұжымда және отбасында қарапайым сақтық ережелерін сақтау арқылы біз коронавирус жұқтыруды дерегін азайта аламыз", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақсанда коронавирус жұқтырғандар саны 18 231-ге жетті. 11 158 науқас жазылды, 127 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети