31 марта 2020 | 13:59

Елорда әкімі астаналықтарға үндеу жасады

Даурен Ерболат Журналист

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол тұрғындарға кешкі сағат 20:00-ден кейін үйден шықпауға кеңес берді.

Реклама
Реклама

"Біз үйдің кіреберісінде дезинфекция жұмыс жүргізіліп жатқанда тұрғындардың сыртқа шықпауын сұраймыз. Сондықтан сағат кешкі 20:00-ден бастап, дезинфекция жұмыстарын белсенді жүргіземіз. Бұл уақытта тұрғындар жұмыстан үйге келеді. Үйдің кіреберістерде өңдеу жұмысын жүргіземіз. Бұл ауқымды жұмыс. Қызметкерлер тәулік бойы еңбек етіп жатыр. Осы уақытта үйден шықпаңыздар", - деді ол.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін мамандар 500-ден астам үйдің 1900 кіреберісінде дезинфекция жұмыстарын жүргізіпті.

"Әрбір ауданда штаб құрылды. Оны ауданның әкімі басқарады. Ал қалалық штабты мен басқарамын. Барлығымыз бірігіп, жұмыс істеп жатырмыз. Біз тұрғындарға үйде отыруға кеңес береміз. Мемлекеттік комиссия отырысы барысында біз осы апта "жұмыс аптасы болмасын" деп ұсыныс жасадық. Осылайша, вирустың таралауына жол бермеуге тырысамыз. Сыртта адам аз жүрсе, бұл қауіпті төмендетеді", - дейді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, ол "үйдің кіреберістерде жүргізіліп жатқан дезинфекция жұмыстарында пайдаланылатын құралдар адам денсаулығы үшін қауіпті ме?" деген сұраққа жауап берді.

"Мамандар бұл мәселені анықтап жатыр. Егер бұл адамдар үшін қауіпті болса, ол пайдаланылмайтын еді. Бұл - вирусқа қарсы дәрі. Сондықтан халық түсінуі керек. Дәріні бүркіген соң, оған жолауға болмайды. Дәрі қауіпті емес. Ол вирусқа қарсы қолданылады. Оның құрамында хлор бар", - деді қала әкімі. 

Осыған дейін білім және ғылым министрі оқушылар үшін жазғы демалыс мерзімі қысқармайтынын, интернет ресустарын пайдалану тегін болатынын айтқан.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 325-ке жетті. 21 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная