1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Аймағамбетов интернет ресустарын пайдалану тегін болатынын айтты

Фото: bilim.akipress.org Фото: bilim.akipress.org

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар мен студенттер интернет ресустарын тегін пайдалана алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Интернет провайдер бойынша келіссөздер жүргіздік. Осы келіссөздер шеңберінде білім беру ресурстарын арнайы тізім бойынша ақысыз пайдалануға болады. Бұл тізімді біз белгілеп бердік. Сондықтан білім беру және алу бойынша осы ресурстар тегін болады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мектептерде 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында сабақ болмайтынын мәлімдеді. Ал колледж бен универститет студенттері қашықтан оқыту жүйесіне ауысты. 

Сондай-ақ оқушылар демалыстан шыққан соң, онлайн түрде білім алатын болды. Әлеуметтік желіде кейбір ата-аналар балаларын онлайн түрде оқыта алмайтынын айтты. Себебі, интернет қызметін төлеуге ақшасы жоқ екен.

11 наурызда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. 

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 325-ке жетті. 21 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды.