Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады - Қисықова

Даурен Ерболат Журналист
Фото: v-pravda.ru

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып, шаһардағы эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып, шаһардағы эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елордада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 951 дерегі тіркелді.

"Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. Инфекция жұқтырушылардың саны өсіп жатыр. Дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық басқа қызметкерге үлкен міндет жүктелді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Сәуле Қисықова 3 айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Соңғы 3 күнде орта есеппен 150-ден астам коронавирус инфекциясы жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Олардың 50 пайызы індеттің белгілері жоқ түрімен ауыратындар. Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем қызметін шақыру саны 3500-ден 3700-ге жетті. 2 000-нан астам қоңырау соғылды. Тек қана соңғы тәулік ішінде коронавирус инфекциясы бойынша қоңырау соғушылардың саны 427-ге жетті. Яғни қоңырау саны 8-ге өсті", - деді басшы.

Айта кетейік, елордада коронавирус жұқтырған 2008 науқас дертінен айықты, 15 адам қайтыс болды.

Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 15 552-ге жетті. 2 647 адам аурудан жазылды, 88 науқас көз жұмды.

Tengrinews
Вопрос от автора
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама