15 апреля 2021 | 19:19

Ерлан Қарин саяси реформалар жұмыс істемейді дейтіндерге жауап берді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин саяси реформалар жұмыс істемейді деген пікірге қатысты ойын білдірді. Бұл туралы ол "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин саяси реформалар жұмыс істемейді деген пікірге қатысты ойын білдірді. Бұл туралы ол "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ерлан Қариннің айтуынша, саяси реформалар жұмыс істемейді деген пікір шындыққа сай келмейді.

"Себебі Президент жариялаған саяси реформалардың бірінші топтамасы толықтай жүзеге асырылып, соның аясында 8 заң қабылданды. Атап айтқанда, саяси партияларды тіркеу үшін қажетті жақтастар санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайту, әйелдер мен жастарға міндетті түрде 30 пайыздық квотаны сайлау тізімдерінде беру, митингілер туралы мүлдем жаңа заң және 130-бапты декриминализациялау туралы өзгерістер қабылданды.

Сонымен қатар қазірдің өзінде Парламенттің қарауына екінші және үшінші топтама бойынша заң жобалары келіп түсті. Бұл - нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөз. Бұған сарапшылар, қоғам қайраткерлері кеңінен тартылып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта Президенттің саяси реформаларға қатысты екінші және үшінші топтамалары бойынша тиісті заң жобалары қабылданады деп үміттенемін", - деді Қарин. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол Жер туралы заңға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, заң жобасының екінші оқылымы Мәжілістен өтті. Енді бұл заң жобасы Сенатқа түседі.

"Сонымен, соңғы жылдары қазақстандықтардың арасында жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге байланысты өте көп талқыланған түрлі дау-дамайларға біржола нүкте қойылып, алып-қашпа әңгімелер тыйылады деп сенеміз. (...) Ал Жер комиссиясы жерді қазақстандықтарға сату, жалға беру және тағы да басқа жер қатынастарына қатысты туындайтын мәселелерді асықпай қарап, жан-жақты пысықтап, сарапшылардың қатысуымен толық саралап, бір шешімге келуі керек", - деді Қарин. 

Мемлекет басшысының көмекшісі жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салу мәселесіне байланысты нүкте қойылғанын айтты. 

Еске салайық, 7 сәуірде Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де тыйым салу бойынша заң жобасын қабылдаған болатын.

Оның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сату немесе жалға алуға тыйым салуды тапсырған еді. 

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная