Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 апреля 2021 11:19

Жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де тыйым салынады. Мәжілісте заң жобасы қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де тыйым салынады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де тыйым салынады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздің егемендігін нығайту және халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан азаматтарының пікірін ескере отырып, 2016 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының  Президенті Жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға сондай-ақ, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, бұдан басқа Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншікке беруге қатысты мораторий енгізілді. Мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанда аяқталатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылы 25 ақпандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында жер мәселесі қашанда халқымыз үшін аса маңызды екендігін жариялай отырып, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды", - дейді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Осыған орай, тиісті заң жобасы әзірленіп, биыл 15 наурызда Мәжіліске енгізілген болатын. Бүгін депутаттарға ұсынылған Заң жобасында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға сондай-ақ, қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген. 

"Сонымен қатар, заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің  пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған. Ал қандастар бойынша, олар жеке қосалқы шарушылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар", - деді Сапархан Омаров. 

Заң жобасын талқылау аяқталғаннан кейін бүгінгі Мәжіліс отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин маңызды құжат мақұлданғанын айтты.

"Талқылау барысында бір ғана ұсыныс түсті: ол бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдау жөнінде. (...) Бүгінгі мақұлданып отырған Жер қатынастары жөніндегі заң жобасының Қазақстан қоғамының маңызы да, орны да ерекше. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген құжаттың нәтижесінде халқымыздың назарында жүрген нақты сұрақ бойынша шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толық тыйым салынады", - деді Нұрлан Нығматулин. 

Айта кетейік, жер қатынастарына қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған.

Еске салайық, биыл 21 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге Қазақстанда ауыл шаруашылығына араналған жерлерді сату немесе жалға алуға тыйым салуды тапсырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети