24 августа 2020 | 15:23

Қазақстанда 2500 бала коронавирус жұқтырған - дәрігер

Даурен Ерболат Журналист
Сурет Tengrinews.kz архивінен

Елімізде 2500 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың арасында өлім дерегі тіркелмеген. Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрайымы, дәрігер Риза Боранбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 2500 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың арасында өлім дерегі тіркелмеген. Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрайымы, дәрігер Риза Боранбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ересектерге қарағанда балалар COVID-19 инфекциясын сирек жұқтырады.

Реклама
Реклама

"Оларда клиникалық симптомы байқалмайды және ауруханаға сирек жатады. Балаларда ауру симптомсыз, жеңіл түрде өтеді. Бірақ олар да аурудың ауыр түрімен ауыруы мүмкін", - деді педиатр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Риза Боранбаева елімізде қанша бала коронавирус жұқтырғанына тоқталды.

"Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус инфекциясын шамамен 2500 бала жұқтырды. Оның ішінде 111 сәби бар. 80 пайыз жағдайда балалар коронавирус инфекциясы симптомсыз, жеңіл формада өтті. Тек 20 пайыз жағдайда балалар ауруды орташа және ауыр формада өткізді. Бұл көбінесе созылмалы ауруы бар балаларда байқалды. Осылайша, коронавирус инфекциясы олардың жағдайын қиындатты. Балалардың арасында өлім дерегі тіркелген жоқ", - деді дәрігер.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 104 718-ге жетті. 92 598 науқас айықты, 1 523 адам қайтыс болды.

"Күзде коронавирустан балалар өлуі мүмкін". Есмағамбетова желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная