Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 августа 2020 12:25

"Күзде коронавирустан балалар өлуі мүмкін". Есмағамбетова желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: share.america.gov Фото: share.america.gov

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист еліміздің бас санитар дәрігеріне желіде тараған ақпаратқа қатысты сұрақ қойды.

"Түнде тікұшақ ауаға белгісіз газ шашады. Сондықтан тұрғындар ұйықтар алдында үйінің терезесін жуып жатуы керек. Балаларды далаға шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қаладағы ауруханаларға балалар төсегі әкелініп жатыр деген ақпарат бар. Күзде індет өршіп, балалар ауырып, өлуі мүмкін бе?" деген ақпарат желіде тарап жатыр. Бұл мәлімет қаншалықты рас? Неге адамдар мұны жиі айтып жүр?", - деді ол.

Айжан Есмағамбетова бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"Коронавирус инфекциясының таралмауы үшін дезинфекциясы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен халықты тексерілген ақпаратқа сенуге шақырамын. Ақпаратты тек ресми дерек көздерінен оқыңыздар", - деді Қазақстанның бас санитар дәрігері.

Карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды - Жұмағазиев

Айта кетейік, кеше елімізде 17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдейтіні хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети