ПОДЕЛИТЬСЯ
19 января 2021 | 09:34
Қазақстанда вакцинациялау кезеңдері аталды. Бірінші кезекте - медицина қызметкерлері
Қазақстанда вакцинациялау кезеңдері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда вакцинациялау кезеңдері аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. Министрдің сөзінше, алғашқы жартыжылдықта 2 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған. Жалпы вакцинация 6 кезеңге бөлінеді.
"Бірінше кезеңде - жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем қызметінің, реанимация бөлімі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмесінің, санэпид қызмет қызметкерлері;
екінші кезеңде - жалпы білім беру мектептерінің педагогтері, ЖОО, ведомстволық медициналық қызметтердің медициналық қызметкерлері;
үшінші кезеңде - мектеп-интернаттардың педагогтері, балабақша, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар;
төртінші кезеңде - ІІМ, ТЖМ, БМ, ҰҚК қызметкерлері және стационарлардағы медицина қызметкерлері, балабақша қызметкерлері мен созылмалы аурулары бар адамдар;
бесінші кезеңде - медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары барлар", - деді Цой бүгінгі Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, министрдің сөзінше, алтыншы кезеңде қалған адамдарға вакцина салынады. Вакцинациялау ақпан мен желтоқсан аралығында кезең-кезең бойынша жүргізіледі.
Еске салайық, QazCovid-in қазақстандық вакцинасы 2020 жылдың наурызында әзірленген. Ол инактивті вакцина. Ол жануарлардан клиникалық сынақтан өткен. Бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеушілер сынақ туралы және бағасын атаған болатын.
Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынады - Цой
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также