Қазақстандық вакцинаға қарағанда қытайлық екпені салдырғандар көп - маман

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: facebook.com/tabynov

Қазақстандыққа қарағанда қытайлық вакцинаны салдырғандар көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, QazVac вакцинасына қарағанда елімізге қытайлық вакцина көп жеткізілген.

"Қазақстандыққа қарағанда қытайлық вакцинаны салдырғандардың көп болуы оны салдыруға ниеттенгендердің санына емес, жеткізілген санына байланысты. QazVac бізге 3 мың данада келді, ал Hayat-Vax - 15 мың. Сондықтан, оны салдырғандар көп", - деді Лаура Мырзағали. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Лаура Мырзағали созылмалы ауруы бар адамдарға да вакцина салуға болатынын айтқан еді.

Қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған. 

Tengrinews
Вопрос от автора
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама