02 апреля 2020 | 10:21

Қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінеді?

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов Президенттің тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов Президенттің тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Үкімет отырысында 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Қазақстан Президентінің жарлығының жобасы қаралды. Жоба төтенше жағдайда экономиканы, шағын және орта бизнесті, халықты қолдауға және бизнестің теңгерілімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Реклама
Реклама

Осы орайда қаржы министрі төтенше жағдай кезінде халықты және экономиканы қолдау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

"Экономикалық тұрақтылықты және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бірқатар шара көзделеді. Оның ішінде жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға 1 триллион теңге бағытталады. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып, 250 мың жұмыс орны ашылады. Бизнестің жол картасын іске асыруға қосымша 84,5 миллиард теңге бағыттау жоспарланып отыр", - деді Әлихан Смаилов.

Оның айтуынша, бағдарлама шамамен 16 мың жұмыс орнын ашуға, әрі 250 миллиард теңгеден астам салық түсімдерін алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетініне тоқталды.

"Азаматтардың жекелеген санаттары үшін азық-түлік, тұрмыстық жиынтық беруге 30,8 миллиард теңге бөлу көзделеді", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Қаржы министрінің пікірінше, бұл шаралар жалпы 2 миллионнан астам адамды қамтиды.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейетінін мәлімдеген.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная