ПОДЕЛИТЬСЯ
20 июля 2020 | 16:37
Коронавирус жұқтырған балалар ауруды жеңіл өткереді, бірақ сақтану керек - маман
Коронавирус жұқтырған балалар ауруды жеңіл өткереді. Бұл туралы Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус жұқтырған балалар ауруды жеңіл өткереді. Бұл туралы Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігер COVID-19 жұқтырған балалар ауруды жеңіл өткізгенімен, олар да санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау керегін атап өтті.
"Иә, коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар ауруды жеңіл өткізеді, айтарлықтай жеңіл өткізеді. Бірақ бұл бізге уайымдамау керек дегенді білдірмейді және санитарлық-эпидемологиялық нормаларды, гигиеналық нормаларды сақтау керек. Карантин ережелерін де қатаң сақтау керек", - деді дәрігер Алматы қаласы ОКҚ онлайн-брифингінде.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 6 жасқа дейін 1200-ге жуық бала коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 71 838-ге жетті. 43 401 науқас дертінен айықты, 585 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также