СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
27 апреля 2020 | 12:20

"Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін". Президент халықты сабырға шақырды

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сабырға шақырып, ешқайда шықпай, үйде отыруды сұрады. Бұл туралы ол бүгінгі мәлімдемесінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сабырға шақырып, ешқайда шықпай, үйде отыруды сұрады. Бұл туралы ол бүгінгі мәлімдемесінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Халқымызда "Төзім тілекке жеткізеді" деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық. Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін. Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, халықты Президент ешқайда шықпай, үйде отыруға шақырды.

"Кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық. Сондықтан олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды. Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар", - деді ол мәлімдемесінде. 

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартқан болатын. Сондай-ақ, ол халықты алдағы мамырдағы мерекелерді үйде атап өтуге шақырған еді. 

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная