20 марта 2020 21:44

Коронавирусты анықтайтын тест Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Global Look Press

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирусты анықтайтын тест елімізге наурыз айының соңында келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирусты анықтайтын тест елімізге наурыз айының соңында келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурыз айының соңында экспресс-тест келуі керек. Біз адамдарды тегін тексере бастаймыз. Бірақ аурудың белгісі жоқ азаматтарға оның керегі жоқ", - деді ол "Хабар" телеарнасындағы "Қоғамдық талқылау" бағдарламасының эфирінде.

Реклама
Реклама

Осы орайда ресми өкіл тұрғындарға коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері байқалса, бірден дәрігерге хабарласуға кеңес берді.

"Аурудың алғашқы белгілері пайда болса, 1406 немесе 103 телефонына хабарласуы керек. Кейін дәрігерлер келіп, науқасты тексереді. Егер аурудың белгілері анықталса, оны ауруханаға алып кетеді. Кейін экспресс-тест арқылы тексереді", - деді Диас Ахметшәріп.

Осыған дейін алдағы екі аптада Нұр-Сұлтан халқын коронавирусқа тексеру басталатынын жазғанбыз. 

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қауіпті індеттің алдын алу мақсатында елімізде қандай шектеулер енгізілгенін, маска тапшылығы қашан жойылатынын, мемлекет қанша кәсіпкерге қолдау көрсететінін айтқан.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған 7 науқастың 30 адаммен байланыста болғанын анықтаған.

Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті: Нұр-Сұлтанда - 25, Алматыда - 22, Қарағандыда - 2. 

Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram