ВЫБОРЫ В КУРУЛТАЙ

Елордада коронавирус жұқтырғандар 30 адаммен байланыста болған

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада коронавирус жұқтырғандар 30 адаммен байланыста болған Фото: reuters

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған 7 адамның 30 тұрғынмен байланыста болған айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алдымен ол 19 наурызда коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайына тоқталды.

"18 наурыздан бастап, 1 адам провизорлық стационарда ауруы бұрын анықталған адамдармен жақын байланыста болған. 19 наурызда 6 адам №1 стационарға жатқызылды. Коронавирус инфекциясы бар 6 науқасты ауруханаға жатқызу кезінде оларда құрғақ жөтел болды. Екеуінің дене қызуы көтерілді", - деді Сәуле Кисикова елордада өткен брифингте.

Осы орайда басқарма басшысы бүгін науқастардың жағдайы жақсарғанын атап өтті.

"Бүгінде барлық пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы тұрақтанды", - ол.

Сондай-ақ, Сәуле Кисикова қауіпті індетті жұқтырған 7 науқас басқа азаматтармен байланыста болғанын жеткізді.

"Жақын байланыста болған 30 адам (отбасы мүшелері) табылды және ауруханаға жатқызылды. Байланыста болған басқа адамдар үй карантинінде жатыр", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шектеулер енгізілгенін, маска тапшылығы қашан жойылатынын, мемлекет қанша кәсіпкерге қолдау көрсететінін айтқан.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 

Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Читайте также

Курс валют

 468.27   534.16   6.13 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +20
Астана +20
Актау +25
Актобе +20
Атырау +27
Б
Балхаш +19
Ж
Жезказган +17
К
Караганда +20
Кокшетау +20
Костанай +20
Кызылорда +20
П
Павлодар +19
Петропавловск +20
С
Семей +22
Т
Талдыкорган +22
Тараз +22
Туркестан +22
У
Уральск +22
Усть-Каменогорск +23
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Реклама
Социальные сети