11 декабря 2018 | 15:03

Қысқартуға ұшыраған жағдайда нені білу керек - Қызметкердің құқығы мен өтемақылар

© pixabay.com

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі ірі кәсіпорындар мен компанияларда ай сайын орташа есеппен 50 мыңға жуық адам жұмыста қысқартуға ұшырайды. Бұған көбіне штатты қысқарту деген себеп айтылған екен. Осы ретте "Жұмыс берушінің шешімі қаншалықты заңды және заң бойынша сіздің қандай құқығыңыз бар? Жұмыстан қысқартылған жағдайда өтемақы беріле ме?" деген сұрақтар туындайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі ірі кәсіпорындар мен компанияларда ай сайын орташа есеппен 50 мыңға жуық адам жұмыста қысқартуға ұшырайды. Бұған көбіне штатты қысқарту деген себеп айтылған екен. Осы ретте "Жұмыс берушінің шешімі қаншалықты заңды және заң бойынша сіздің қандай құқығыңыз бар? Жұмыстан қысқартылған жағдайда өтемақы беріле ме?" деген сұрақтар туындайды.

Мұндай жағдайдан ешкім сақтанбаған, сондықтан Tengrinews.kz тілшісі еңбек құқығы жөніндегі заңгер Асқар Есімбекұлынан басшылықтың жұмыстан қысқартуға қандай себептері болуы мүмкін және ол жағдайда қандай өтемақы берілуі тиіс екені, сондай-ақ, қай санаттағы адамдарды жұмыстан еш жағдайда қысқартуға ұшырамайтынын түсіндіріп берді.

Реклама
Реклама

Заңгердің айтуынша, жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуына көбіне штаттың немесе қызметкерлердің cанын қысқартуы себеп болуы мүмкін. Айтуынша, бұл туралы басшылық алдын ала ескертуі тиіс.

Бұдан бөлек, Әділет министрлігінің сайтында аттестаттаудағы білігінің жеткіліксіздігі салдарынан, сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі теріс болған немесе қызметкер белгісіз себептермен бір айдан аса жұмыста болмаған жағдайларда еңбек шарты бұзылуы мүмкін екені айтылады.

Бір ай бұрын жазбаша түрде хабарлау керек

ҚР Еңбек кодексінің 53-бабына ("Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі") сәйкес, еңбек келісімшарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылса, ол жұмыскерге бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Еңбек немесе ұжымдық шартта бір айдан көп мерзім көрсетілмесе, жұмыс беруші міндетті түрде бір ай бұрын ескертуі тиіс. Сосын ғана қызметкердің жазбаша келісімі беріліп, еңбек шарты тоқтатылады.

Ол құжатта не көрсетілуі тиіс?

Заңгердің айтуынша, жұмыс берушінің актісінде бірінші кезекте міндетті түрде ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек келісімшартының бұзылуының нақты себебі көрсетілуі тиіс.

Кейіннен басшылық еңбек келісімшартын бұзу актісіне қол қойған соң ол құжаттың көшірмесі қызметкерге беріледі немесе акт шыққан соң үшл күн ішінде хат ретінде жіберілуі керек.


© pixabay.com

Заң бойынша кімдер қысқартуға ұшырамайды?

Осы ретте маман заң бойынша қай санаттағы адамдарды еш жағдайға қысқартуға болмайтынын тізбектеп берді:

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша мына санаттағы адамдармен еңбек шарты бұзылмайды:

- жүкті әйелдермен;
- үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен;
- он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен;
- аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен ғана бұзуға жол берілмейді.

Сондай-ақ, заңгердің айтуынша, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң бойынша, зейнетке шығуына кем дегенде екі жыл уақыт қалған қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға рұқсат жоқ.


© pixabay.com

Қандай өтемақы беріледі?

Еңбек кодексінің 131-бабына сәйкес ("Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері"), еңбек шартын жұмыс беруші бұзса, бір айлық орташа жалақы көлемінде жұмысынан айырылу себебіне байланысты өтемақы төленуі тиіс. 

Сонымен қатар, қызметкер пайдаланбаған демалыс күндері үшін де өтемақы ала алатыны айтылады.

Қызметкер жұмыстан айырылған жағдайда өтемақы төлемдері мынандай жағдайларға байланысты беріледі екен.

- Бірінші жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;

- екіншісі жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде қызметкерге міндетті түрде өтемақы төленеді;

- үшінші жағдайда жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін ала алады.

Оқи отырыңыз:

Жұмыс іздегенде қаржы пирамидасына ұрынбаудың жолдары - Заңгер кеңестері

Қазақстандағы бос жұмыс орны көп әрі жоғары жалақы төлейтін салалар аталды

Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная