Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 декабря 2018 10:59

Қазақстандағы бос жұмыс орны көп әрі жоғары жалақы төлейтін салалар аталды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Статистика комитетінің ресми деректері бойынша, Қазақстанда 442 мыңға жуық жұмыссыз адам бар. Алайда жұмыс ұсынушылар да аз емес. Бір ғана HeadHunter сайтында бүгінде 18 мыңнан аса бос жұмыс орны туралы хабарландыру жарияланған, бұдан бөлек өзге сайттар мен газеттердегі және басқа да жолдармен таралатын хабарландырулардың саны қаншама.


Статистика комитетінің ресми деректері бойынша, Қазақстанда 442 мыңға жуық жұмыссыз адам бар. Алайда жұмыс ұсынушылар да аз емес. Бір ғана HeadHunter сайтында бүгінде 18 мыңнан аса бос жұмыс орны туралы хабарландыру жарияланған, бұдан бөлек өзге сайттар мен газеттердегі және басқа да жолдармен таралатын хабарландырулардың саны қаншама.

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы бос жұмыс орны көп салаларды, жұмыс іздеушілердің қоятын талаптары мен ең жоғарғы және ең төменгі жалақы бойынша қандай бос жұмыс орындары ұсынылатыны туралы білді. Бұл сұрақтарға қатысты мәліметтерді HeadHunter компаниясының маркетинг және PR бөлімінің директоры Анна Шевченко ұсынды.

Бос жұмыс орны көп салалар

2018 жылдың қарашасындағы мәліметтер бойынша, Қазақстанда бос жұмыс орны көп салалар мыналар:

  • Сауда
  • Бухгалтерия
  • Әкімшілік персонал
  • Ақпараттық технология интернет, телеком
  • Банктер, инвестиция, лизинг

Жұмысты оңай табуға болатын салалар

HeadHunter индексі бойынша, жұмысты оңай табуға болатын салалар:

  • Бағдарлама орнату
  • Кеңес беру

Жұмыс табу деңгейі орташа деп есептелетін салалар (1 орынға 4-6 адамнан келеді): Маркетинг, жарнама, PR, автокөлік бизнесі, ғылым, білім беру, сақтандыру, банктер, инвестиция, лизинг, сауда, жұмыс персоналы, туризм, қонақүй, мейрамхана, үй персоналы, медицина, фармацевтика, спорт клубтары, фитнес, салондар, сатып алу, құрылыс және жылжымайтын мүлік.

Жұмыс табу қиын салалар (1 орынға 6-40 адамнан келеді): Өнер, көңіл көтеру, медиа, ақпараттық технология интернет, телеком, персоналды басқару, тренингтер, қауіпсіздік, әкімшілік персонал, көлік, логистика, бухгалтерия, басқару есебі, кәсіпорын қаржысы, өндіріс, юриспруденция, шикізат өндірісі, жоғарғы менеджмент, мемлекеттік қызмет, бейкоммерциялық ұйым, мансап бастауы, студенттер. Әсіресе тәжірибесі жоқ жас мамандарға жұмыс табу өте қиын.

Жұмыс іздеушілер күтетін жалақы мөлшері

2018 жылдың қарашасындағы мәліметтер бойынша ең танымал мамандықтар бойынша жұмыс іздеушілердің күтетін жалақы мөлшерін қарастырайық:

Сауда

Бухгалтерия

Әкімшілік персонал

ІТ, телеком

Банктер, инвестиция, лизинг

Жалақысы ең жоғары және ең төмен ұсыныс

2018 жылы қарашада ұсынылған бос жұмыс орындары арасында ең жоғары жалақы 749 265 теңге төленетін жұмыс болды, ол "Ақпараттық технологиялар, интернет, телеком" саласында.

Керісінше, жалақысы ең төмен - 49 952 теңге төленетін жұмыс "Әкімшілік персонал" саласында болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети