Маман коронавирус жұқтырғандарды вакцина қаншалықты қорғайтынын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған адамға вакцина салуға бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмаз Шарманның айтуынша, адам ағзасы үшін антиденелер ешқашан көп болмайды.

"Қазір әлемде вакцинаның шамамен 3 миллиард дозасы салынған. Олардың арасында коронавирус жұқтырып, жазылғандар аз емес. Ауырып шыққандарға вакцина салынса, иммунитет 50 есеге дейін күшейеді, яғни, қорғаныс күші артады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қорғалғандар - ауырып жазылған соң, вакцина салдырғандар", - деді Шарман.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Алмаз Шарманның айтуынша, соңғы зерттеулерге сәйкес, "дельта" штамы антиденелерге қарамастан жұғып жатыр.

"Сондықтан, ауырып, жазылып, антиденелер ағзада болса да, вакцина салдыруға кеңес беремін", - деді маман.

Tengrinews
Вопрос от автора
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама